Вакансии
Для слабовидящих

«Жауынгер» әскери-патриоттық клубы туралы ақпарат

  1. Ұйым атауы:  «Жауынгер» әскери-патриоттық клубы.
  2. Ұйым тарихы:  2011 жылы университеттің әскери кафедрасында «Жауынгер» әскери-патриоттық клубы құрылды және ректордың бұйрығымен ережесі бекітілді.

3. Ұйым мақсаты мен міндеттері: Клубтың негізгі мақсаты – ҚР азаматы тұлғасының патриоттық және рухани дамуына жағдай жасау, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру.

«Жауынгер» клубының алдындағы міндеттер:

  • жастардың бойында азаматтық және патриоттық сезімді қалыптастыру;
  • жас ұрпақты ҚР ҚК-не құрмет көрсетуге тәрбиелей отырып, әскери қызметке даярлау;
  • Отанды сүюге тәрбиелеу;
  • Қазақстанның жетістіктерін кеңінен насихаттау және мемлекеттің ел ішіндегі және одан тыс жерлердегі мүмкіндіктерін көрсету;
  • жас буынды отаншылдыққа тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіру мен  әскери және техникалық дайындықты пысықтау;
  • Қазақстанның қаһармандық мен ерлікке толы тарихи өткеніне мұқият зер салу және өскелең ұрпақты ҰОС батырлары мен интернационал-жауынгерлердің ерлік істерін үлгі ете отырып тәрбиелеу;
  • спорттық іс-шараларға қатысу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау;
  • студент жастардың бастамашылдығын, тапқырлығын, моральдық-ерік және көшбасшылық қасиеттерін дамыту; – ҚР ҚК әскери бөлімдерімен және қаланың әскери-патриоттық клубтарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық орнату.

4. Басқару құрылымы

Клуб төрағасы әскери кафедра бастығының орынбасары, запастағы подполковник Сәрсенғалиев Мұратбек Жұмагелдіұлы  
Клуб төрағасының орынбасары АР-21 оқу взводының студенті Медеу Қайрат Маратұлы  
Оқу-материалдық базаны жетілдіру секторыӘскери-ғылыми, өнертапқыштық және рационализаторлық жұмыс секторыСпорттық-бұқаралық жұмыс және СӨСҚ секторыӘскери-патриоттық жұмыс секторы
АР-21 оқу взводының студенті Кикбаев Дарын АсхатұлыАР-22 оқу взводының студенті Вялых Шерхан СергеевичАР-24 оқу взводының студенті Муканов Сергей СергеевичАР-24 оқу взводының студенті Сайлауов Азат Кайратович

5. Клуб жұмысының жоспары

Іс-шара атауыӨткізу мерзіміЖауаптылар
 Тимуршылар жұмысы: ҰОС және ауған соғысы ардагерлеріне көмек көрсетуҚазанЦикл бастықтары
 Университет және қала тарихы мұражайларына саяхатҚазан, қараша наурыз, сәуірОқу взводтарының кураторлары
 «Армияда әскери қызмет өткергеніңмен мақтан!» тақырыбында  ерлік сабағын ұйымдастыру және өткізуҚазанОқу взводтарының кураторлары
 «Ауғанстандағы әскери борышын орындау кезінде ауған жауынгерлерінің жоғары ерлігі » тақырыбында студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізу»АқпанӘскери кафедра бастығы
 «Қазақтың тұңғыш генералы Шәкір Жексенбаевтың жауынгерлік және өмірлік жолы» тақырыбында пікірталас»СәуірОқу взводтарының кураторлары
 Оқу взводтарының арасында ҚР ҚК күні мен Жеңіс күніне арналған әскери-спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізуСәуірЦикл бастықтары мен оқу взводтарының кураторлары
 «Менің отбасымның тарихындағы соғыстың алатын орны» тақырыбында презентациялар байқауына қатысу  МамырЦикл бастықтары мен оқу взводтарының кураторлары
 «Мәңгілік полк» акциясына қатысуМамырӘскери кафедра бастығы
 Университет және әскери кафедра аумағын абаттандыру бойынша сенбіліктерге қатысу. Әскери кафедра аумағында ағаштар мен бұталарды отырғызуОқу мерзімі ішіндеЦикл бастықтары
 Саптық дайындықОқу мерзімі ішіндеТжЖӘП циклының бастығы
 Атыс дайындығыОқу мерзімі ішіндеАП циклының бастығы
 Әскери кафедраның оқу-материалдық базасын жетілдіруМаусымОқу взводтарының кураторлары
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Подписаться на новости