Вакансии
Для слабовидящих

ЖАСТАР БАСТАМАСЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ

Мақсаты: Болашақ бәсекеге қабілетті, жоғары мәдениетті, зайырлы, әлеуметтік белсенді және адамгершілігі жоғары сападағы азаматты – елдің патриоты (отансүйгіш) сынды маманның жеке тұлғасы өрісін дамытуды қамтамасыз ету, қызметкерлер мен білім алушыларды қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық отансүйгіштік идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын құрметтеп, дәріптеуге тарту.

1-міндет. Университет қызметкерлері мен білім алушылары арасында Қазақстандық отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру және дамыту.

2-міндет. Студенттер инициативасына қолғабыс беру және дамуы, студенттерді қоғамдық, мәдени-көпшілік және спорттық-еңбек өміріне тарту.

3-міндет. Қызметкерлер мен білім алушыларды әлеуметтік көмектермен қамту.

ЖАСТАР БАСТАМАСЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ:

  • Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің нормативті-құқықтық актілері мен өкімдік құжаттарына, халықаралық және республикалық сапа стандарттарына, Университет Жарғысына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
  • жоспарлардың тұжырымдамаларын және т. б., тәрбие үрдісі бойынша құжаттарды әзірлеу, бекіту, олардың орындалуын бақылау;
  • институт директорлары тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларының, академиялық топ кураторларының және университеттегі студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы іс-шаралардың орындалуын және есептерін қарау;
  • институттардың, университеттегі студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстары бойынша жоспарлар мен есептердің сапасын тексеруді жүзеге асыру, олардың нақты орындалуы;
  • университеттегі тәрбие жұмыстары жөніндегі кеңестің, құқық бұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңестің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
  • студенттің жеке дамуына қолайлы жағдай жасауға және рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал ету;
  • университетте тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімі келесідей 
12 бағытта үйлестіру жұмыстарын жүргізеді:

  • Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар;
  • Жастар саясаты;
  • Азаматтық-патриоттық тәрбие;
  • Әскери-патриоттық тәрбие;
  • Рухани-адамгершілік тәрбие;
  • Құқықтық тәрбие;
  • Студенттердің шығармашылығын дамыту;
  • Дене тәрбиесі;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • Кәсіби еңбек тәрбиесі;
  • Студенттік жатақхана жұмысы;
  • Студенттерді әлеуметтік қолдау.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Подписаться на новости