«Жәңгір хан» спорт клубы

Мақсаты: таңдаған мамандығы бойынша жоғары өнімді еңбекке дайын жан-жақты дамыған мамандарды тәрбиелеу, оқу-өндірістік қызметке дене шынықтыру мен спортты пайдалануға және енгізуге қабілетті педагогтің тәрбие жұмысын жүргізу, салауатты өмір салтын ұйымдастыру және студенттер мен оқытушыларды, университет қызметкерлерін дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға ықпал ету;

Спорт клубы келесі алаңдарды қамтиды:

  • Спорттың түрлі ойын түрлеріне арналған үлкен зал: волейбол, баскетбол, шағын футбол, үлкен теннис;
  • шағын футбол және үстел теннисімен айналысуға арналған шағын зал;
  • заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жаттығу залы;
  • волейбол, баскетбол үшін арналған жазғы алаңдар.

Спорт базасы шешінетін орындармен және душпен жабдықталған.

Спорт клубында келесі спорт түрлері бойынша тұрақты жұмыс істейтін спорт секциялары жұмыс істейді:

  • баскетбол;
  • шағын футбол;
  • үстел теннисі;
  • волейбол.

Спартакиада бағдарламасы аясында жарыстар, сондай-ақ басқа оқу орындарының студенттерімен матчтық кездесулер және халықаралық кездесулер өткізіледі.

Жаттығу сабақтарын біліктілігі жоғары мамандар жүргізеді.

«Жәңгір хан» спорт клубының бағыттары

Институттар мен студенттік үйлерде тұратын білім алушылары арасында Салауатты өмір салты тұжырымдамасын іске асыру мақсатында университетімізде баскетбол, волейбол және футзал спорт түрлері бойынша студенттік лигалар ашылды.

Жастармен жұмыс жүргізудегі перспективалық бағыттардың бірі – жастардың спорттық секцияларын ашу, бұқаралық-көпшілік спортты дамыту бойынша университте қабырғасында 17 спорт  түрінен білім алушылардың қызығушылықтары бойынша спорттық секциялар ашылды. Оларға: волейбол, футбол, баскетбол, қазақ күресі, дзюдо, қол күрес, гір спорты, үстел теннисі, фитнес, тоғызқұмалақ, шахмат, спорттық бағдарлау. марафон, және пауэрлифтинг.

«Жәңгір Хан» спорт клубы жылда облыс, қала, аудан, оқу орындары деңгейінде жыл сайын 50-ден астам іс-шаралар ұйымдастырды. Университетіміздің дәстүрлі түрде өткізетін шараслары ретінде 1 курс студенттеріне арналған «Сергек бол» спартакиадасы, студенттермен магистранттардың арасында өткізілетін «Универсиада», профессор-оқытушылар және қызметкерлер арасында өткізілетін «Денсаулық» спартакиадалары мен университет ректоры кубогіне арналған аймақтық турнирлерді атауға болады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу