Вакансии
Для слабовидящих

Студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы

СҒЗЖ мақсаты мен міндеттері

Университет студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы практикалық қызметте ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін шығармашылықпен қолдана алатын, демек, экономиканың қазіргі заманғы даму жағдайларына тез бейімделуге қабілетті жоғары білімі бар мамандарды даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

СҒЗЖ-ның негізгі мақсаты студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және күшейту, жоғары білімі бар мамандарды даярлаудың кәсіптік-техникалық деңгейін арттыру үшін оқу, ғылыми, тәрбиелік процестердің бірлігін қамтамасыз ететін жастарды ғылыми, конструкторлық, технологиялық, шығармашылық және енгізу қызметіне тарту нысандарын дамыту және жетілдіру болып табылады.

СҒЗЖ негізгі міндеттері:

– білімді ұтымды және тиімді алу және пайдалану әдіснамасын оқыту;

-оқу-тәрбие процесінің бірыңғай жүйесі шеңберінде жоғары білім беру жүйесін ғылыммен және өндірістік қызметпен интеграциялаудың жаңа нысандарын жетілдіру және іздестіру;

– ғылыми және зерттеу қызметінің дағдыларын арттыру;

– студенттердің ғылыми зерттеулерге және нақты әзірлемелерге қатысуы;

– жастар бірлестіктерін құру және дамыту; ғылым, техника, өндіріс саласындағы заманауи технологияларды игеру;

– заманауи ғылыми әдістемелермен танысу, ғылыми әдебиеттермен жұмыс;

– одан әрі магистратурада оқуға, жоғары мектептер мен ғылыми зертханаларда жұмыс істеуге қабілетті жастарды анықтау; мектептер мен колледждер оқушыларының техникалық шығармашылығын дамыту, ғылымға бейімділік танытқан жастарды ЖОО-ға іріктеуді қамтамасыз ету.

СҒЗЖ ұйымдастыру

Жәңгір хан БҚАТУ-дегі СҒЗЖ оқу процесінің жалғасы және тереңдеуі болып табылады және тікелей жоғары мектептер мен зертханаларда, сондай-ақ студенттік конструкторлық, технологиялық, экономикалық және басқа да үйірмелер мен бюроларда ұйымдастырылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылықты ЖОО профессорлары мен оқытушылары жүзеге асырады.

СҒЗЖ негізгі нәтижелері

Студенттік ғылыми қызмет 2020 ж. институттардың жоғары мектептерінде СҒЗЖ бекітілген жоспарларына сәйкес жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта университетте студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуға тартудың үйлесімді жүйесі жасалды. Университеттің және институттардың СҒЗЖ үшін жауапты оқытушылар тағайындалды. Бұл, тиісінше, Г.А. Айешева, Ф.Х. Нуржанова, А.Ж. Турбаев, Г.Б. Жумагалиева, Ж.Б. Кенжин және А.А Булатов.

Студенттердің ғылыми жұмысымен алғашқы танысу ғылыми зерттеулерді жүргізудің негіздерін игеруден, мақалалар жазудан, СҒЗЖ жауапты оқытушылардың жоғары мектептерде өткізген онлайн-семинарларында ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге үйретуден басталды.

Университетте Facebook әлеуметтік желісінде виртуалды студенттік ғылыми қауымдастық құрылды https://www.facebook.com/groups/2670459656504704/permalink/. Бұл ғылыми қауымдастық ерікті негізде ҒЗЖ-на белсенді студенттерді, магистранттарды, жас ғалымдарды, сондай-ақ біздің университеттің түлектерін біріктіреді. Қазіргі уақытта қауымдастық мүшелерінің саны 111 адамға жетті. СҒҚ-тың негізгі мақсаты неғұрлым дарынды студенттерді әртүрлі ғылыми ұжымдарда (үйірмелерде, клубтарда) мақсатты ғылыми жұмысқа тарту ғана емес, сондай-ақ студенттерді ғылыми-техникалық міндеттерді дербес шешу әдістемелері мен құралдарына; бизнес жоспарлау және маркетингтік зерттеулер жүргізу негіздеріне оқыту болып табылады.

Қазіргі уақытта университетте 22 ғылыми үйірме (зертханалар мен конструкторлық бюролар) жұмыс істейді, олардың жұмысына барлығы – 262 студент қатысады. Ғылыми үйірмелерде студенттер өздерін қызықтыратын нақты тақырыптар бойынша ғылыми ізденіс пен жұмыстың практикалық дағдыларын игереді. Осы зерттеулердің нәтижелері студенттік ғылыми конференцияларда баяндамалар, рефераттар, сондай-ақ курстық және дипломдық жұмыстар түрінде ұсынылды. Студенттер мен магистранттардың Әл – Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Қазіргі әлемдегі жастар мен ғылым» атты ғылыми конференциясы өтті. Конференция материалдарының жинағы 467 бет көлемінде жарияланды.

Біздің университеттің студенттері жыл сайын Қазақстанда және шетелде (Ресей, АҚШ, Молдавия, Чех Республикасы, Сербия және т.б.) өткізілетін олимпиадаларға, фестивальдар мен форумдарға қатысады.

Осылайша, жобалар мен ғылыми жұмыстардың әртүрлі конкурстарына 90-нан астам жұмыс жіберілді, оның ішінде 1 дәрежелі 22 диплом, 2 дәрежелі 15 диплом және 3 дәрежелі 14 диплом алынды.

Студенттердің ВМжМШИ М.Марат пен А. Дияровтың, сондай-ақ А. Төлегеновтың (АН-31) қатысуын және олардың тиісінше 5 млн және 900 мың теңге гранттық қаржыландыруды алуын атап өту қажет. Сондай – ақ студенттер Р. Бегеев пен Д. Уәлиеваның «ENACTUS-2020» халықаралық инновациялық бизнес жобалар байқауының финалына қатысуы. Студент Г. Адыров (ВМ-43) Конрад Аденауэр атындағы қордың шәкіртақысының иегері атанды. Әр түрлі конференциялар мен олимпиадаларға А.Әлиханқызы (БЭК-41), С. Насырова (БҚР-21), К. Бинкузинов (Экология), А. Қосайқызы (Вет. Санитария).

2020 ж. нәтижесінде Қазақстанның үздік студенттері атанған және «Қазақстанның үздік студенттері-2020» республикалық кітап топтамасына кірген Уалиева Диляра (ЭЭ – 33) және Бегеев Рүстем (СТР – 23) сияқты студенттердің ҒЗЖ-дағы ерекше белсенділігін атап өту қажет.

Университеттің СҒЗЖ жетілдіру мақсатында «Үздік үйірме» және «Үздік жас ғалым» байқауларын өткізу, сондай-ақ 2021 жылдың наурыз айында Ғылым апталығын ұйымдастыру жоспарлануда.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Подписаться на новости