Sur-Place стипендиясы

Конрад Аденауэр атындағы Қор Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды.

Конкурсқа кім қатыса алады?

Қазақстанның ЖОО-да (жоғары оқу орындарында) күндіз оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендианттары бола алады – бакалаврлар немесе магистранттар. Ерекшелік ретінде  соңғы  курста  оқитын  студенттерге  стипендия  тағайындалуы  мүмкін.  Құжаттарды  тапсыру  кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс.

Конкурстық іріктеу кезінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, белсенді өмірлік ұстанымы, кең дүниетанымы бар және көздеген мақсатына жете білетін студенттерге басымдық беріледі. Шет тілін білу құпталады, бірақ міндетті болып саналмайды.

Стипендия 6 айға беріледі (ұзарту мүмкіндігімен).

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 31.12.2020

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу