Ш. Есенов атындағы шәкіртақы

Академик Есенов Шахмардан атындағы ғылыми-білім беру қоры 27 000 теңгеден 17 айлық студенттік шәкіртақы ұсынатын конкурс жариялайды.

Бағдарламаға қатысушылар: 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары, оның ішінде қазақстандық университеттерде бакалавриаттың 2-3 курстарында немесе магистратураның 1 курсында және интернатураның 1 курсында жаратылыстану, техникалық, медициналық және IT мамандықтары бойынша оқитын студенттер.

Гранттар саны: 17

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы конкурсына қатысу үшін кандидат келесі талаптарды орындауы тиіс:

  1. Қор сайтында онлайн-өтінішті толтыру – yessenovfoundation.org  
  2. Өтінішке қоса тіркеу:Начало формы

Конец формы

Міндетті құжаттар:

  1. Жеке куәліктің сканы;
  2. “Мен Қазақстан ғылымы үшін не істедім және не істеймін? Сіз үшін не маңызды және неге?”(өтініш тек жазбаша түрде берілуі мүмкін);
  3. Транскрипт (GPA орташа балы 3,0-ден төмен емес), 3,0-ден төмен баллы бар өтінімдер қарастырылмайды;
  4. Магистратура студенттері үшін жоғары білім туралы дипломның көшірмесі.(бакалавр, мамандық)

Қосымша құжаттар:

  • Ғылыми сертификаттар / дипломдар – 2 сертификаттан артық емес*;
  • Әлеуметтік белсенділік және волонтерлік сертификаттары – 3 сертификаттан артық емес*;
  • Жарияланым – 2 жарияланымнан артық емес*;

* Қор сертификаттардың лимиттелген санын қарайды. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

     Өтінімдер Қордың сайтында 2021 жылғы 25 қаңтардан 26 ақпанға дейін қабылданады.

     Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 26 ақпанда Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша 15:00-де аяқталады (GMT+6). Қабылдау мерзімінен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу