«Рухани жаңғыру» бағдарламасына – 4 жыл

«Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 4 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру идеясы және ұлттық рух» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған БҚО «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгүл Туркина, өңірлік кеңсенің бөлім басшысы Ерасыл Галимов қатысты. Дөңгелек үстелде алдымен сөз алған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов келген қонақтармен таныстырды. Іс-шара барысында облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгүл Серікқызы, өңірлік кеңсенің бөлім басшысы Ерасыл Болатұлы сөз сөйлеп, жалпы өңіріміздегі бағдарламаның іске асу бағыттары мен басты жобалары жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» орталығының доценті, ф.ғ.к. Венера Есенғалиева осы бағдарлама аясында университетімізде 4 жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді.

Дөңгелек үстел одан әрі өзара пікіралмасу, ойталқы кезеңімен жалғасып, шара қонақтарына «Рухани жаңғыру» музейін, оқу кабинеттерін таныстырумен қорытындыланды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу