Орталық Азия және Кавказ конференциясы

Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерін дамытуға арналған ауыл шаруашылығы университеттері консорциумы (КАСКАД) ұйымның құрылғанына 10 жыл толуына орай 2020 жылдың 10-11 желтоқсанында “Орталық Азия мен Кавказда ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы” тақырыбында Бірінші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция барысында келесідей өзекті мәселелер бағытында баяндамалар оқылды, олар: жоғары білімнің өзекті мәселелері, климаттың өзгеруі және табиғи ресурстарды тұрақты басқару, ауыл шаруашылығын дамыту экономикасы, топырақты қорғайтын ресурс үнемдейтін егіншілік, ветеринария мәселелері талқыланды. Конференцияға Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың 6 елінен 18 жоғары оқу орнының ғалымдары қатысты, сондай-ақ өзекті тақырыптарға қонақтар еуропалық елдердің ғалымдары да қатысып ойларымен бөлісті, олардың бірі Нобель сыйлығының лауреаты, Нидерландия елінің профессоры Рик Лиманс “Климаттың өзгеруі жағдайындағы биоалуантүрлілік және экожүйелік қызметтер: табиғи шешімдердің көмегімен тұрақтылықты арттыру” тақырыбында баяндама жасады. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ университетінен еліміздің аймақтарының ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған өзекті экономикалық тақырыптарға баяндамалар жасалып, 21 оқытушы қатысты.

Конференция аясында ғалымдар мен университеттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша 7 номинация бойынша конкурс ұйымдастырылды, олар: “Аймақтың дамуына қосқан үлесі бойынша 2020 жылдың үздік ғалымы”, “Халықаралық критерийлер бойынша 2020 жылдың үздік ғалымы”, “Үздік Педагог-2020”, “Үздік Студент-2020”, “Үздік магистрант-2020”, “Үздік докторант-2020”, “Үздік университет-2020”.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғалымдары келесі номинациялар бойынша дипломант атанды: профессор Насиев Б. Н. “Үздік педагог-2020″ номинациясы бойынша 2 орын, профессор Монтаев С.А. ” Аймақтың дамуына қосқан үлесі бойынша 2020 жылдың үздік ғалымы ” номинациясы бойынша 3 орын, профессор Б.Н.Насиевтің докторанты Жанаталапов Н. Ж. 8D08100 “Агрономия” мамандығы бойынша ” Үздік докторант-2020″ номинациясы бойынша 3 орын иемденді. Барлық номинанттарды құттықтаймыз, барлық бастамаларына шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз, сондай – ақ осы конференцияны ұйымдастырушылар – Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтына өңірлердегі ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға қатысуға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымызды білдіреміз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу