Хабарландыру

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығын және «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағын орындау мақсатында «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіби қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдарды педагогикалық қайта даярлауды жүзеге асырады.

Қайта даярлау «Педагогикалық ғылымдар» даярлау бағытымен төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

6В01401 «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру»

6В01402 «Кәсіптік оқыту»

6В01403 «Көркем еңбек және сызу»

Оқыту 6 ай бойы жүргізіледі, оқуды аяқтағаннан кейін тыңдаушылар педагогикалық қызметті жүргізуге құқық беретін белгіленген үлгідегі құжат алады.

Педагогикалық қайта даярлау бағдарламаларына қатысу бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:

 8(7112)521962, 87076736271, e-mail: dae10@mail.ru

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу