БҚАТУ ректоры – баспасөз алаңында

Бүгін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметов БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәжілісіне қатысты.

Тікелей эфирде ұйымдастырылған «Жоғары білім берудегі өзгерістер мен жаңалықтар» тақырыбындағы баспасөз жиынында университет басшысы биылғы жоғары оқу орнына қабылдау ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар Жәңгір хан университетінде даярланатын мамандықтар, білім беру бағдарламалары, білім сапасын арттыру бағытында жасалып жатқан іс-шаралар, ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы баяндады. Баспасөз мәжілісі соңында Асқар Мырзахметұлы журналистердің сауалдарына жауап берді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу