Әскерилерге құрмет

Бүгін Жәңгір хан университетінің әскери кафедра ұжымы әріптестері Мұратбек Сәрсенғалиев пен Рауф Насыровты мерейлі жастарымен құттықтады.

Атап айтсақ, әскери кафедра бастығының орынбасары, запастағы подполковник Мұратбек Сәрсенғалиев ердің жасы 50-ге толса, цикл басшысы, запастағы полковник Рауф Насыров асқаралы 60 жасқа толып отыр.

         Әскери жасақ алдында құттықтау сөз алған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов мерейтой иелеріне БҚАТУ-дың басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовтың құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстады.

Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосып жүрген кафедра қызметкерлері Қазақстанның Қарулы күштері қатарында 30 жылдан астам уақыт қызмет еткен. Ал соңғы үш жылда Жәңгір хан университетіндегі әскери кафедрада басшылық қызметтер атқарыпкеледі.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу