«Ветеринарлық клиникалық ғылымдар» жоғары мектебі

«Ветеринарлық  клиникалық  ғылымдар» жоғары мектебі бакалавр, магистрантура және докторантура бойынша дайындайды: 6В09100/7М09100/8D09100-«Ветеринария».  Барлық оқу бағдарламалары аккредитациядан өтті. Жоғары мектеп ұжымы оқу процесіне енгізілген оқу-әдістемелік құралдарды әзірледі. Жыл сайын жоғарыда аталған мамандықтардың студенттері Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болады.

Ғылыми қызметті 3 ғылым докторлары, 7 ғылым кандидаты,  4 PhD докторы және 5 магистрлер жүзеге асырады. Бағдарламалық мақсатты қаржыландыру және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекеттік қорының ғылыми жобалары іске асырылды, өнертабыстарға патенттер алынды және өндіріске енгізілді. 160-тан астам ғылыми мақалалар мен 4 монография жарық көрді. «ЖәрдемВет» ветеринарлық оқу ғылыми өндірістік орталық және «BIOTECH» ғылыми өндірістік инновациялық орталығы құрылған, бұнда ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шаруашылықпен  келісім шарттар жүргізіледі. Жоғары мектеп базасында ғылыми үйірмелер жұмыс істейді, онда студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

 СҒЗЖ нәтижелері ғылыми журналдарда және халықаралық конференция материалдарында жариялануда. Студенттер халықаралық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Оқытушылар
Байланыс
Кушалиев Кайсар Жалитович
Жетекші
04-104
2-68
Зайнуллина Инкар Жанахметовна
Аға зертханашы
04-103
2-68
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу