Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты

Институт құрамына «Ветеринария және биоқауіпсіздік», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» және «Экология және биоресурстар» 3 жоғары мектебі, «Жәрдем-Вет» ғылыми-өндірістік орталығы, «BIOTECH» инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы, ихтиология және аквакультура зертханасы кіреді.
Қазіргі кезде институтта 68 оқытушы, оның ішінде 3 академик, 11 ғылым докторы және 27-ден астам ғылым кандидаттары, сонымен қатар 11 PhD докторы қызмет етуде.
Институт үш сатылы үздіксіз білім беру мақсатында бакалавриат-магистратура-докторантураның келесі мамандықтары бойынша 5В120100 – Ветеринарлық медицина, 5В120200 – Ветеринарлық санитария, 6В09100/7М09100/8D09100 – Ветеринария, 7М05100 – Биотехнология, 6В08200/7M08200/8D08200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, 6В08400/7М08400 – Аквакультура және су биоресурстары, 6В05200/7М05200 – Өндірістік экология кадрлар даярлайды.
Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты зооинженерлік факультеті ретінде 1963 жылдан бастау алып, 1982 жылы ол зооветеринарлық факультетіне ауыстырылды. Осы жылдар ішінде факультетті ветеринария мен мал шаруашылығының жетекші қайраткерлері: Ю.А. Артемьев, М.М. Нуралиев, Г.С. Зубков, А.Р. Рустенов, Б.А. Аманжолов, А.З. Зинулин, Г.К. Молдашев, И.К. Ашетов, У.Б. Таубаев, К.Ж. Кушалиев, Е.Г. Насамбаев басқарды.
2017 жылдан бастап 2020 жылдың наурыз айына дейін Б.Е. Нұрғалиев институтты басқарды.
2020 жылдың наурыз айынан бастап И.Н. Жұбантаев институтта басшылық етуде.
Факультет деканының әр жылдардағы оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары: Н.И. Ташкинов, Қ.Ғ. Есенгалиев, Т.Қ. Мурзашев, Р.М. Бисенғалиев, И.Н. Жұбантаев, С.А. Әлімбеков, Н.Т. Абекешев, Б.Е. Нұрғалиев, А.У. Сабыржанов болды.
Институттың бастапқы кезеңінде Сатқанов Е.Т., Петровская В.А., Горюнов В.И., Карасаев А.А., Кудряков К.Г., Аверьянов Г.А., Зубков Г.С., Кирпичев А.Ф., Дарбаев А.Д., Ташкинов Н.И., Беглецов В.Е., Когабаев Б.Д. сияқты ғалымдар болды.
Институттың дамуына Қ.Қ. Бозымов, Б.Б. Траисов, Е.Г. Насамбаев, Қ.Ғ. Есенғалиев, М.Ш. Шалменов, Г.Г. Абсатиров, Т.К. Мурзашев, М.М. Саденов, М.Г. Гусманов және т.б. ғалымдар мен профессорлар маңызды үлесін қосты.
1993 жылдан бастап факультет базасында аспирантура жұмыс істей бастады. Мұнда ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институтын бітірген жас мамандар мен ғалымдар теориялық және ғылыми-педагогикалық дайындықтан өтті. Осы жылдары ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғау мақсатында диссертациялық кеңес құрылды, оның құрамына жетекші ғалымдар, профессорлар, ауылшаруашылық ғылымдарының докторлары: Қ.Қ. Бозымов, Б.Б. Траисов, Х.И. Үкібаев, Г.К. Молдашев, доценттер, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаттары Р.У. Бозымова, А.Н. Баяхов кірді. Кеңес төрағасы профессор, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Б.Б. Траисов болды. Осы кезеңде институт түлектері: Р.М. Бисенғалиев, Н.М. Губашев, Н.Ж. Қажгалиев, Ф.Б. Закирова, А.Б. Ахметалиева, И.Н. Жұбантаев, М.Ж. Шукуров және тағы басқалары кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғады.
2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңінде ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институтының жас оқытушылары мен түлектері, докторантураны оқып меңгеріп, А.К. Кереев, Ж.М. Валиева, М.Г. Какишев, Л.Ж. Душаева, Н.С. Монтаева, Д.Б. Смагулов, А.К. Султанова, А.Е. Нугманова, А.К. Жумаева және т.б. докторлық диссертацияларын (PhD) сәтті қорғады. Аспирантурада оқып, оны аяқтағаннан кейін кандидаттық диссертацияларын С.М. Баянтасова, И.М. Абирова, Б.М. Сидихов, А.Г. Дарменова, А.У. Сабыржанов, Н.С. Гинаятов, Е.М. Сенгалиев, Г.В. Касимова, А.Н. Түменов, Б.Т. Сариев, Е.А. Батыргалиев қорғағанды.

Байланыс
Жубантаев Изимгали Нурымович
Директор
B - 201
1-89, 8 (7112) 50 10 78
Сабыржанов Арман Умиржанович
Директор орынбасары
B - 205
1-93
Аспандьярова Ания Каиргалиевна
Офис-менеджер
B - 201
1-93
Байланыс
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz