Университет гранттары

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде тегін жоғары білім алу құқығы төмендегі санаттағы тұлғаларға беріледі:

  1. «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғаларға – грант саны шектеусіз;
  2. халықаралық, республикалық, аймақаралық спорттық жарыстардың, шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарына – 10 орын;
  3. әлеуметтік жеңілдіктер: жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы толық емес отбасыдан шыққан балаларға – 10 орын.

Университетте тегін білім алу құқығын беретін гранттарды иелену үшін конкурстық комиссияға үміткерлер оқуға қабылдау үшін ұсынылатын негізгі құжаттарымен қоса келесідей құжаттарын ұсынуы тиіс:

  1. «Алтын белгі» белгісімен марапатталғандығын дәлелдейтін құжат («Алтын белгі» белгісінің куәлігі);
  2. Халықаралық, республикалық, аймақаралық спорттық жарыстардың, шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары – соңғы үш жылдағы спорттық жарыстар мен конкурстардың, олимпиадалардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарын, спорттық атақтары мен разрядтарының бар екендігін дәлелдейтін («Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы, 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы) құжаттары;
  3. Әлеуметтік жеңілдіктер алу үшін:
    1. жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар: Ата-анасының қайтыс болғандығы жөнінде куәліктің көшірмесі және қамқоршы тағайындау жөніндегі шешімнің көшірмесі.
    2. толық емес көп балалы отбасыдан шыққан балалар: отбасы құрамы жөніндегі анықтама.
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу