Тілдерді дамыту орталығы

Тілдерді дамыту орталығы «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ басқарма төрағасы-ректордың 12.02.2018ж. №28 §5 бұйрығымен «Қазақ және орыс тілдері» және «Шетел тілдері» кафедраларының бірігуі негізінде құрылды.

Шетел тілдері кафедрасының құрылу тарихы

«Шетел және орыс тілдері кафедрасы» 1963 жылы Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институты құрылғаннан бастап жұмыс істеп келеді. Кафедраның алғашқы оқытушылары Н.Б.Брындина, Н.И.Желтякова, А.М.Воронова, Н.В.Михеева, Н.Г.Забавина, Т.В.Лихолобова, Е.С.Мустафина, Р.С.Кудрякова. 1963 жылдан 1999 жылға дейін кафедраның меңгерушісі қызметін аға оқытушы А.М.Воронова атқарды. 1978 жылдан бастап «Шетел тілдері» кафедрасы жеке құрылымдық бөлімше ретінде жұмысын жалғастырды. Әр түрлі жылдары кафедра меңгерушісі қызметін аға оқытушылар Н.А.Кушкенбаев (2000-2002жж.), К.М.Гайсина (2003-2005жж.), Р.М.Букесова (2006-2009жж.), Н.С.Бисалиева (2010-2011жж.), п.ғ..к. Г.Н.Кисметова (20121-2014жж.), Р.М.Букесова (2015-2017жж.), Л.Н.Майранова (2017 қыркүйек- 2018 ақпан) атқарды.

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының құрылу тарихы

1963-1978 жж. аралығында орыс тілі «Шетел және орыс тілдері» кафедрасының құрамында болды.

1978 жылы орыс тілі кафедрасы «Шетел және орыс тілдері» кафедрасының құрамынан бөлініп шығып, 1988 жылға дейін жеке құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс жасады. Осы уақыт аралығында кафедра меңгерушісі қызметін ф. ғ.к. Н.В.Михеева атқарды.

1989 жылы ЖОО-ның оқу жоспарына «Қазақ тілі» пәнінің енгізілуіне байланысты кафедра «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы болып қайта құрылды. 1989-1995жж. аралығында кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., доцент К.Х.Сапашева, 1996-1997жж. аралығында ф.ғ.к. доцент З.Б.Умбеталина, 1998-2000жж. аралығында аға оқытушы М.К.Рыскалиева атқарды.

2000 жылы мемлекеттік екі ЖОО-ның (Батыс Қазақстан аграрлық университеті және Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті) бірігуіне байланысты, қазақ және орыс тілдері кафедрасы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жекелеген кафедраларының құрамында болды.

2002 жылы БҚМУ-дың құрамынан БҚАТУ-дың бөлініп шығуына байланысты «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы Батыс Қазақстан аграрлық университетінің жеке құрылымдық бөлімі болып өз жұмысын қайта жалғастырды. 2005 жылы университет атауы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті болып өзгертілді.2002-2010жж. кафедра меңгерушісі қызметін ф.ғ.к. З.Б.Умбеталина атқарды. Кейінгі жылдары кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.д. А.С.Кыдыршаев (2010-2011жж.), п.ғ.к. А.С.Муханбеткалиев (2011-2015жж.), аға оқытушы Г.Г.Каржауова (2015-2018жж.) атқарды.

2014 жылы оқу орнында көптілді білім беру бағдарламасы аясындағы оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру және оның сапасына бақылау жүргізу мақсатында Көптілді білім беруді дамыту орталығы құрылып, «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы мен «Шетел тілдері» кафедрасы осы орталық құрамына енгізілді.

2014 жылдан 2018 жыл аралығында Көптілді білім беруді дамыту орталығының жетекшісі қызметін филология ғылымдарының кандидаты З.Б.Умбеталина атқарды.

2018 жылдың ақпанында бұл құрылымдық бөлімше университеттің барлық тілдік пәндерін біріктіретін Тілдерді дамыту орталығы ретінде қайта құрылды. Осы жылдың тамызынан бастап орталықтың директоры болып п.ғ.к. А.С.Муханбеткалиев тағайындалды.

2018 жылдың 15 қараша айынан бастап Тілдерді дамыту орталығы директорының м.а. болып аға оқытушы Г.Г.Каржауова тағайындалды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап ТДО директоры қызметіне аға оқытушы, п.ғ.м. А.Т.Искалиева тағайындалды.

Байланыс
Искалиева Айнагуль Тукеновна
Директор
02-409
2-02, 87771847208
Жексеева Эльвира Бериковна
Аға зертханашы
02-410
2-02
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу