Технологияларды коммерцияландыру

Университетте “Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі” ректордың 2011 жылғы 22 шілдедегі № 156 § 5 бұйрығымен құрылды. Қазіргі уақытта кеңсенің негізгі функцияларын Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі жетекші маман, доцент, э.ғ. к. Айешева Гүлшат Амангелдіқызы орындайды.

Негізгі функциялары:

  • коммерцияландыруға дайын неғұрлым перспективалы ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒТҚН) іріктеу мақсатында ҒТҚН талдау;
  • ҒТҚН-ді коммерцияландыруға дайын және ҒТҚН пысықтауды талап ететін ҒТҚН-нің деректер базасын жүргізу;
  • зияткерлік меншік объектілерің (ЗМО) коммерцияландыруды, оның ішінде лицензиялық сауданы жүргізу;
  • авторлардың ЗМО коммерцияландыру жөніндегі міндеттерін айқындау;
  • университеттің де, лицензиаттың да лицензиялық шарттар бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылау;
  • зияткерлік меншік жөніндегі маманмен бірлесіп ЗМО айрықша құқықтарды бұзудың жолын кесу шаралары бойынша ұсыныстар дайындау;
  • университеттің ИЫҰ-на немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталында белгіленген тәртіпте университеттің қатысуымен мүліктік құқықтарды пайдалануға байланысты мәселелер бойынша университеттің мүдделерін білдіру және келіссөздер ұстанымдарын әзірлеу;
  • жаңа коммерциялық өнімдерді әзірлеумен және ҒТҚН-ға сұранысты қамтамасыз етумен байланысты зерттеу қызметін жүргізуге университет қызметкерлерін тартуға бағытталған бастамаларды дайындау;
  • инновациялық қызметті жүргізу және ЗМО коммерцияландырудың тиімділігін арттыру мақсатында сыртқы субъектілермен ынтымақтастық бойынша ұсыныстар дайындау;
  • өтініш берушілер мен әлеуетті серіктестерге қаржыландыруды ұсыну шарттары, нысандары мен тетіктері туралы кеңес беру;
  • тұжырымдаманы негіздеуге және жобаларды коммерцияландыруға гранттық қаржыландыруға әр түрлі конкурстарға қатысуға өтінімдерді дайындауға көмек беру;
  • ЗМО коммерцияландыруға байланысты өзге де мәселелерді жүргізу;
  • патенттелген ҒТҚН жарықтандыру бойынша жарнамалық кампаниялар өткізу.

Негізгі нәтижелер

Университеттің технологияларың/өнімдерін коммерцияландыру және ілгерілету мақсатында түрлі халықаралық және республикалық конкурстарда, форумдарда және көрмелерде тұсаукесерлер өткізіледі, зияткерлік құқық және технологияларды коммерцияландыру бойынша SABIT іскерлік тағылымдамаларының арнайы бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуден және тағылымдамадан өтті, технологияларды бірлесіп ілгерілету және ынтымақтастық туралы шарттар жасалды, технологиялық аудиттер жүргізілді, бизнес-жоспарлар анықталды және маркетингтік зерттеулер жүргізілді және т. б.:

  1. Университеттің 70-тен астам қызметкері (жобаларды әзірлеушілер) технологияларды коммерцияландыру бойынша 80 курстарда, тренингтерде, семинарларда оқудан өтті.
  2. Коммерцияландыру бойынша әзірлеуде 200-ден астам жоба болды.
  3. Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының (QazInnovations) және т.б. коммерцияландыруға арналған 30-дан астам конкурстарына, 18 көрме мен 20 ғылыми практикалық конференцияларға, 4 халықаралық және республикалық коммерцияландыру реакторларына қатысты. Соның ішінде коммерцияландыруға арналған конкурста (жоба тұжырымдамасын негіздеу, өнеркәсіптік прототипті жасау); технологиялық бизнес инкубациялау; Рига, Катманду, Алматы, Орал қалаларындағы республикалық және халықаралық Технологияларды коммерцияландыру реакторларында (жүлделі орындар); АЭФ Инновациялық конгресі шеңберінде “Бизнес періштелерге арналған ең үздік жоба”; Әбу-даби қаласындағы “TECNOPRIZE” (америкалық CRDF Global қоры), “I DARE” (CRDF Global, GIST бастамасы), “Y Combinator”, “Бизнес періштелерге арналған convexity зертханалары»; NIF$50K-2012; KazINNO mechanic, Atameken стартап және BIO инновациялық бизнес-жоспарларының жыл сайынғы республикалық конкурстарында.KazINNO; Ресейдегі және Қытайдағы Орталық Азия елдеріндегі жаңа технологиялардың халықаралық көрме-презентациясында; тұжырымдаманы негіздеуге арналған ҚР БҒМ (ТКО ЖШС) конкурсына қатысу үшін 5 жоба бойынша толық техникалық ұсыныстар әзірленді. Үш жоба Дүниежүзілік банк пен ҚР БҒМ ҒК “Ғылым қоры” АҚ технологияларын коммерцияландыруға арналған грантты жеңіп алды, “ИННОТЕХПРОЕКТ”ЖШС құрылды.
  4. Енгізуге және ынтымақтастыққа 30-дан астам келісімдер, шарттар, меморандумдар жасалды, оның ішінде 6 халықаралық (Қытай, Чех Республикасы, Латвия, Ресей).
  5. Университет жобаларына түгендеу жүргізілді, университеттің перспективалық жобаларының тізілімі жасалды және бекітілді. Технологиялық аудит жүргізу нәтижесінде (Технологияларды коммерцияландыру орталығымен жасалған шарт бойынша) коммерциялық әлеуеті бар 10 инновациялық жоба бойынша технологиялық ұсыныстардың бейіндері жасалды.
  6. Технологияларды коммерцияландыру әдіснамасы бойынша, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары, нысандары мен тетіктері туралы жобаларды әзірлеушілер үшін 25-тен астам семинар өткізілді.
  7. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының өңірлік инновациялық жүйесіне маркетингтік зерттеу жүргізілді (250-ден астам респондентке сауалнама жүргізу, қазіргі жай-күйін, инновациялық қызметті дамыту және технологияларды коммерцияландыру проблемаларын талдау, сондай-ақ оларды жетілдірудің неғұрлым тиімді тәсілдерін анықтау және т.б.).
  8. Коммерцияландыру кеңсесінің әзірлеуіндегі жобалар технологияларды коммерцияландыруға гранттар беруге арналған 50-ден астам конкурстарға қатысты. ТДҰА АҚ 4 грант, ҚР БҒМ 1 грант (Технологияларды коммерцияландыру бағдарламасы), “Ғылым қоры” АҚ 2 грант, “Тайбурыл” ҚБ 2 грант, CRDF Global 2 грант, БЖК-2025 бойынша 20 грант және т. б. алды (с.і. 2020 ж. 2 грант).
  9. Жобаларды әзірлеушілерге коммерцияландыруға арналған конкурстарға, көрмелерге қатысу, әлеуетті тұтынушылармен кездесулер ұйымдастыру және т. б. шеңберінде 250-ден астам консультация берілді.
  10. 9 инновациялық жобаны сараптау (ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Технологияларды коммерцияландыру орталығымен жасасқан шарт бойынша коммерцияландыру саласындағы сараптама).
  11. студенттік ғылыми қоғамды құру және оның жұмысын ұйымдастыру. Технологияларды коммерцияландыру бойынша сабақтар өткізу. 100-ден астам инновациялық бизнес-жобалар және т. б. ЖБМ және СҒҚ шеңберінде кеңес беру және сараптау.
  12. “Ғылым қоры” АҚ мен Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының Технологияларды коммерцияландыру бойынша гранттық қаржыландыруға 22 жоба бойынша конкурстық өтінім дайындау (оның ішінде 2021 жылы – 6).
  13. Дүниежүзілік банктің және ҚР БҒМ ҒК “Ғылым қоры” АҚ-ның Технологияларды коммерцияландыру жобасына қатысу (“Батыс Қазақстанның кроссбредті қойларының генетикалық әлеуетін пайдалану арқылы жас қой еті мен жартылай биязы жүнді өндіру және өткізу”, грант 50000000 теңге). Нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізілді, жоба бойынша бизнес-жоспар жасалды. Жобаны іске асырудың барлық кезеңінде (2017-2020 жж.) 90 млн. теңгеден астам сомаға жоба өнімі сатылды және 7 млн. теңгеден астам салық (ҚҚС) төленді.
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу