Вакансии
Для слабовидящих

Тарихи анықтама

2020

«Жәңгір хан» спорт кешені пайдалануға берілді.

2018

«Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі құрылды.

2018

Студенттер асханасы студенттік тамақтану комбинаты ашылды (университет меншігіне өтті).

2017

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» директорлар кеңесінің №29 шешімімен Наметов Асқар Мырзахметұлы университеттің Басқарма төрағасы - ректоры болып тағайындалды.

2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №659 Қаулысымен университет «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ болып қайта құрылды.

2015

ҚР Үкіметінің №226 Қаулысымен университет ҚР Білім және ғылым министрлігінен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына өтті.

2014

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры болып,  Биология ғылымдарының кандидаты, профессор, ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы тағайындалды (2014-2017 жж.).

2012

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №544 Қаулысымен университет республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыннан «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК болып қайта құрылды.

2011

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 9 қабатты жаңа типтегі Студенттер үйі пайдалануға берілді.

2010

Болон Декларациясының негізі болып саналатын Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойылды.

2009

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ түлектерінің қауымдастығы құрылды

2006-2010

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде  72 және 44 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

2005

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде машина жасау факультеті ашылды.

2005

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев университеттегі «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысып, емен ағашының жас талын отырғызды.

2003-2005

ҚР Үкіметінің №497 Қаулысымен университетке Жәңгір ханның есімі берілді. Жәңгір ханға арналған ескерткіш бой көтеріп, Жәңгір хан атындағы мұражай ашылды.

2002

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры болып ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, академик Бозымов Қазыбай Қараұлы тағайындалды  (2002-2014 жж.).

2002

ҚР Үкіметінің №1172 Қаулысымен университет БҚМУ құрамынан шығарылып, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (БҚАТУ) болып қайта құрылды.

2000

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Дамитов Базар Қабдошұлы тағайындалды                  (2000-2002 жж.).

2000

ҚР Үкіметінің №236 Қаулысымен университет Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен (БҚМУ) біріктірілді

1998

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев университетке алғаш рет келді.

1996

ҚР Министрлер Кабинетінің №573 Қаулысымен университет                  Батыс Қазақстан аграрлық университеті (БҚАУ) болып қайта құрылды.

1989

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ректоры болып техника ғылымдарының кандидаты, профессор Джубаев Сергей Шұғайұлы тағайындалды                (1989 – 2000 жж.).

1989

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында 352 орындық 9 қабатты жатақхана пайдалануға берілді.

1986

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ректоры болып ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Шрамко Николай Васильевич тағайындалды(1986-1989 жж.).

1975

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ректоры болып ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, профессор  Шах Борис Петрович тағайындалды (1975-1986 жж.).

1964-1975

1045 орындық 3 студенттік жатақхана және оқу ғимараттары, тұрғын үйлер мен қосымша инфрақұрылымы бар студенттік кешен (кампус) пайдалануға берілді.

1965

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының базасында әскери кафедра ашылды.

1964

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ректоры болып ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Иконников Валентин Константинович тағайындалды  (1964-1975 жж.).

1963

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының алғашқы ректоры - ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Дзержинский Александр Яковлевич  болды (1963-1964 жж.).

1963


Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №571 Қаулысымен Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты (БҚАШИ) құрылды. Институттың алғашқы 3 факультеті (агроэкономикалық, ветеринарлық, ауыл шаруашылығын механикаландыру) ашылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Подписаться на новости