Сынау орталығы

КеАҚ «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» Сынау орталығы базасында аккредиттелген 3 зертхана жұмыс істейді:
– химиялық талдау зертханасы;
– азықтарды зоотехникалық талдау зертханасы;
– биотехнология және жұқпалы ауруларды балау зертханасы.
Сынау орталығы МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» Қазақстан Республикасының №KZ.T.09.0147 2017 жылғы 23 қаңтардағы аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген. Қазіргі уақытта аккредиттеу саласын кеңейту процесі жүріп жатыр. Қазіргі уақытта аккредиттеу саласын кеңейту процесі жүріп жатыр.
Химиялық талдау зертханасы келесі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:
– топырақ пен жерді агрохимиялық талдау;
– суды химиялық талдау (жер үсті, жер асты және т. б.);
– атмосфералық ауаны және өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераға бөлінетін шығарындыларын талдау;
– ет, ет өнімдерін, балық, сүт және сүт өнімдерін, астықты талдау.
Азықтарды зоотехникалық талдау зертханасы ауыл шаруашылығы жануарларының азығын талдау бойынша қызмет көрсетеді (шикі жасұнықты, ылғалды, азықтық бірлікті және т. б. анықтау).
Биотехнология және жұқпалы ауруларды балау зертханасы мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:
– ІҚМ мен жылқыларды ДНҚ-паспортизациялау;
– сот талқылауы кезінде жануардың шығу тегін анықтау;
– COVID-19 диагностикасы;
– ауыл шаруашылығы жануарларының қанын морфологиялық талдау.
Биотехнология және жұқпалы ауруларды балау зертханасы асыл тұқымды ІҚМ генотиптеу деректерін енгізу үшін ақпараттық талдамалық базаға (ИАС) кіру мүмкіндігі бар, сондай-ақ кемінде 12 микросателлиттік локус бойынша ірі малдың (ІҚМ) генотиптерін STR әдісімен анықтау бойынша халықаралық жануарлар генетикасы қоғамының (International Society for Animal Genetics (ISAG) ID number is 5144509) институционалдық мүшесі болып табылады. Зертхана патогендігі II-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар (18.08.2020 ж. бастап № KZ25VMY00001957).
Сынау орталығы ҚР Батыс және басқа өңірлерінің жетекші мал шаруашылығы, өнеркәсіп және медициналық кәсіпорындарына қызмет көрсетеді.

Байланыс
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz