СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ

Жастар ісі жөніндегі комитет

Дарынды жастарға қолдау көрсету, студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Даму стратегиясы жоспарының маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Жоғары білім берудің оқу бағдарламалары бойынша жүргізілетін сабақтардан тыс кезде жастардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, әлеуметтік белсенділігін арттыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында университетте студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы қызмет атқарады. Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі студенттік проректор

Орталықтың негізгі міндеттері:

  • шығармашылық студиялар мен ұжымдардың қызметін ұйымдастыру;
  • дарынды, қабілетті жастарды анықтап, шығармашылық студияларға тарту;
  • оқытушылар мен студенттерге университеттің мәдени-көпшілік іс-шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып, облыс, қала көлеміндегі іс-шараларға креативтік, жаңаша тәсілдемелер қолданып, белсене қатысып, университеттің ішкі және сыртқы имиджін нығайту;
  • жастар арасында ұлттық өнерді насихаттайтын көркемөнерпаздық ұжымдарды қалыптастыру;
  • шығармашыл студенттерді университеттің қоғамдық өміріне, мәдени-көпшілік іс-шараларына белсене қатысуын қамтамасыз етіп, өздерінің мүмкіндіктеріне деген сенімін арттыру;
  • университет түлектері – болашақ мамандар дүниетанымы кең, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау;
  • орындаушылардың мәдени және кәсіби деңгейін шыңдау;
  • облыстық, қалалық байқауларға қатысуына мүмкіндік жасау;
  • студенттердің эстетикалық талғамын, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал ететін мәдени, шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру.

Орталық құрамына келесі ұжымдар кіреді:

  • Вокалдық студия
  • Хореография
  • Көңілді тапқырлар клубы
  • Көркем сөз
  • «Нарын сазы» аспаптық ансамблі
  • Жүргізушілер.

«ВОКАЛ» студиясы

Сейфуллиева Зарина Арманқызы
«ВОКАЛ» студиясының жетекшісі
Байланыс: 87052406168

Қатысушылар өнерлерін шыңдау арқылы тек ән айтуға ғана емес, сондай-ақ кәсіби сахналық мәдениетке үйренуде.

Мақсаты:

  • жастар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту;
  • ән өнерінің қадір-қасиетін ұқтыру;
  • ән айту ережелерін үйрету;
  • музыканы тыңдау, есту қабілеттерін қалыптастыру;
  • әнді таза, мәнерлі, әсерлі орындауға үйрету;
  • музыканың мазмұны мен сөзін түсіне білуге үйрету;
  • музыка мен сөз аралығындағы бірлікті сезіну;
  • шығарма мазмұнын түсініп, ажырата біліп, қызығушылықпен орындай білуге үйрету;
  • музыкадағы дыбыс жоғарылығын, ырғақ мәнерін түсініп, ажырата білу;
  • дауыстың табиғи таза шығуына, әнді мәнерлі орындау шеберлігін дамыту, екі дауыста орындауға үйрету;
  • студенттердің музыкалық білімін жетілдіру;

музыкалық сауаты, эстетикалық және рухани ой-өрісі дамыған, музыка өнерінің адам өміріндегі мәнін жете түсіне алатын ұрпақ тәрбиелеу. 

«Winners» заманауи би ансамблі

Өлеш Далила Жонақызы     
«Winners» заманауи би ансамблінің жетекшісі
Байланыс: 87773073665

«Winners»  заманауи би тобы – қазіргі заманғы би түрін студент жастар арасында насихаттау үшін құрылған клуб.

Топтың мақсаты:

  • Білім алушылар арасындағы достықты, ортақ құндылықтар мен мүдделерін нығайтуды қалыптастыру;
  • Студенттерді өзін – өзі басқару және оларды дамыту бойынша дағдыларын қалыптастыру;
  • Жастарды пайдалы – қоғамдық қызметке үйрету;
  • Жастар арасында спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға деген қызығушылығын дамыту үшін жағдай жасау;
  • Шығармашылық тұлғаның дамуына үлес қосу және ұжымдық бірлікті насихаттау.

«Батыс» көңілді тапқырлар клубы

Жұматаев Ақан Айболұлы
«Батыс» көңілді тапқырлар клубының жетекшісі
Байланыс: 87027354486

Көңілді тапқырлар клубы – қазіргі уақытта теледидардан көрсетіліп, жұртшылықтың назарын аударатын бірегей жобалардың бірі. Көптеген жастардың жүрегін жаулап алған бұл ойын жарнаманы талап етпейді, керісінше, КТК жарнама жасаумен айналысады. Оның басты ерекшелігі – оның жұмысы өмірдің, саясат пен қоғамның шынайылығына қатысы бар және ол қазіргі заманғы халықтың қажеттіліктеріне жауап береді. Ойын – бұл би, ән, мимика, сөйлеу мен ойларды қоса алғанда, сахналық мәдениет пен өнердің түрлі жанрларын қамтитын шығармашылық жастардың орталығы.

         Мақсаты:

  • жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру;
  • Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
  • жастар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
  • танымдық жұмыстарды ынталандыру;
  • жастар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
  • жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жастардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;
  • өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру;
  • халықаралық бітім мен азаматтық келісімге келуге, Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының дамуына, өнегелі және рухани байлықтарын нығайтуға жағдай жасау.

«Достық» клубы

Зайцева Наталья Сергеевна    
«Достық» клубының жетекшісі:
Байланыс: 87754050690

 «Достық» клубының мақсаты:

Университетімізде қазақстандық патриотизмді дамыту, ұлтаралық татулық пен келісімді жетілдіру, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени тұтастығын нығайту.

«Достық» клубының міндеттері:

  • Әр ұлттан дарынды студенттерді іріктеп, оларды ұлттық мәдени-қоғамдық іс-шараларға тарту;
  • Студенттердің отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін арттыру;
  • Қоғамдағы студенттік өмірге қатысты болып жатқан өзекті мәселелерді талқылап, сараптап, пікір алмасып отыру. Басқа оқу орындарындағы клубтармен байланыс орнату.
  • Халық бiрлiгiн нығайтуға үлес қосу, дамыту;
  • Қазақстан халқының ұлттық мәдениетiн, тiлдерi мен дәстүрлерiн өркендету, сақтау және дамыту;
  • Студенттердің арасында іс-шаралар өткізе отырып, олардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру, өз ойын жеткізе алу, сөйлеу шеберлігін шыңдау;
  • Студенттің келешекте халыққа қызмет ететін тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын атсалысу.

Достық клубтары өңірдегі жастар ұйымдарымен бірлесе қазақстандық патриотизмді, халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттауға атсалысуда. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен жастар арасында ашық пікір алаңын құру арқылы жастар арасындағы өзекті мәселелерді шешуге үлес қосуда. Университет бойынша – Достық клубы, күні бүгінге дейін өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып келеді, клубтың құрамына 27 ұлт өкілдері кіреді. Қатысушылар саны – 158.

Еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдыра отырып, «Мен сені мақтан тұтамын – Ақжайығым!», «Достық дастарханын тарту етеміз», «Татулығы жарасқан – Қазақстан», «Достық-Дружба» интерактивті танымдылық ойыны және т.б. шаралары жыл сайын оздырылып келеді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында тапсырылған ана тілімізді ұлтаралық қарым-қатынастар тілі мəртебесіне көтеру міндетін орындау және рухани тұтастықты, отандық патриотизмді нығайтуға, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге жұмылдыру мақсатында «Мемлекеттік тілді құрметтеу – елді құрметтеу» деген атаумен БҚО ҚХА Достық клубтары және «Тіл мұра» қоғамдық қозғалысы мүшелерінің челленджі ұйымдастырылып, 19-қазан күні әлеуметтік желілерде таратылды.

“Жәңгір хан ұрпақтары” волонтерлік қозғалысы

Тлеуғали Зейнеп Абуғалиқызы
“Жәңгір хан ұрпақтары” волонтерлік қозғалысының жетекшісі
Байланыс: 8777 075 0004

“Жәңгір хан ұрпақтары” волонтерлік қозғалысы – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да еріктілер жұмысын ұйымдастыру бойынша ЖОО-ның көпжылдық тәжірибесі негізінде келесі ұғымдар анықталды:

“Жәңгір хан ұрпақтары” волонтерлік қозғалысы – ерікті, ақысыз жұмыс түріндегі әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге қатысатын студент.

“Жәңгір хан ұрпақтары” волонтерлік қозғалысы – бұл Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың қоғамдық құрылымы, Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарында қызмет көрсететін әр түрлі бағыттағы барлық еріктілерді біріктіретін бөлімше.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары:

  • Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дің студенттерінің волонтерлік қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету:
  • “Жәңгір хан ұрпақтары” волонтерлік қозғалысы қызметті ұйымдастыруға қатысты ережелер, бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу;
  • оқу құралдарын, ұйымдастырушыларға, волонтерлік қозғалысқа қатысушыларға және университет студенттеріне арналған ақпараттық брошюралар әзірлеу;
  • Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дің волонтерлер қозғалысының имидждік атрибуттарын жасау және шығару;
  • білім семинарлары мен тренингтерін, волонтерлік мектептер өткізу;

Әр түрлі бағыттардағы волонтерлік қызметті қолдау және дамыту:

  1. Жастар ұйымдарындағы еріктілік
  2. Іс-шара волонтер
  3. «Еңбекке қону»
  4. Кеңес беру көмек
  5. Қайырымдылық қызметі
  6. Экологиялық еріктілік
  7. Медициналық еріктілер
  8. Төтенше жағдайдағы ерікті

«Жәңгір хан ұрпақтары» волонтерлік қозғалысы – студенттерді қоғамдық істерге бейімдеп, өнер мен спортты, білімді, өнегелі өсиетті, жан-жақты жетілген, іскер азамат(-ша) етіп тәрбиелеуді көздейтін ерікті ұйым. Ұйымның мүшелері ізгілік, қайырымдылық, шыншылдық, адалдық, әділдік, іскерлік, қажырлық сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді өз бойларына сіңіруде аянбай еңбек етеді. Ұйым 2018 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істеп келеді.

Мақсаты: студент жастарының белсенді әлеуметтік және азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамға, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға, жалғыз басты және мүгедектерге өтеусіз қызмет етуге дайындық сияқты жеке қасиеттерін дамыту.

Міндеті: қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу; волонтерлерге консультация беруді, ақпарат беруді және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізу.

Ұйым құрамындағы волонтерлар саны: 85

Студенттік шақ әрқашан әртүрлі студенттік ұйымдар мен клубтарды құрып, университеттің қоғамдық өміріне белсене араласуымен танымал. Жыл сайын қатарға жаңа қосылатын студенттерге жоғары курс студенттері басшылық көрсетіп эстафетаны беріп отырады. Көптеген ірі жобаларды «Жәңгір хан ұрпақтары» қайырымдылық қозғалысы осы университеттік жастармен қосып атқарады. Пандемия кезінде 176 адамға азық – түлікпен, сонымен қатар қайырымдылық айы аясында 11 ардагерге үй жағдайында көмектесіп, 120 ардагерге материялдық көмек көрсетілді. СЭС мамандарымен бірлесе қашықтықтың, масканың жалпы ережелерді сақталуын дәріптеуге үлес қосты. “Сабақтастық” жалпы ұлттық жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, “Біргеміз”, “Қамқор”, “Таза әлем”, “Білім”, “Асыл мұра” бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Адамзаттың болашағы бастамашыл жастардың қолында екені мәлім. Сол себепті, жастардың, олардың өмір сүріп жатқан елінің ғұмыры да, біздің, үлкендер қауымы, ата-аналар, ұстаздардың, жастарға қаншалықты көмек көрсетіп, олардың жас энергиясын қай жаққа бағыттауымызға байланысты. Волонтерлік жұмыс – бұл жастардың партриотизміне, лидерлік қасиеттін, студенттердің өзара түсіністігін мен қолдауына, әлеуметтік белсенділігіне негіз болатын қызметтің кең ортасы. Қоғамдастық деңгейінде өзара қолдаудың дәстүрлі формаларымен қатар, мемлекеттің мәдени және әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосатын волонтерлік қызметтің жаңа формалары қалыптасады. Қазіргі уақытта Қазақстанда еріктілік арқылы адам өмірін жақсарту және адамдарға бағытталған маңызды дамуды қамтамасыз ету үшін бірқатар мүмкіндіктер бар.

«Нарын сазы» фольклорлық ансамбль

Бақытова Дильназ Демегенқызы
«Нарын сазы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі
Байланыс: 87787279850

Мақсаты:

  • қазақ композиторларының шығармаларын және халық музыкасын жастардың арасында насихаттау;
  • студенттерді ұлттық өнерге және мәдениетке баулу;
  • шынайы қазақы өнер арқылы тәрбиелі де мәдениетті мамандар даярлау;
  • аспапта жақсы ойнайтын студенттерді іріктеу олармен тығыз жұмыс жасау;
  • университеттегі мәдени іс-шараларға қатысу, мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыруға белсене ат салысу;
  • аса талантты және дарынды студенттерді анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін тәрбие жұмысында тиімді қолдану;
  • студенттік жастар арасында ұлттық аспаптық өнер жанрының кең насихатталуына мүмкіндік беретін шығармашылық тұрғыда дамыту, кеңейту;
  • мәдени және кәсіпқой орындаушылық деңгейін жетілдіру және дамыту;
  • студенттерді «Шабыт» ұлт-аспаптар үйірмесіне қызықтырып тарту.

 «РУХ»  пікірталас орталығы

Кеңес Нұртілек Кеңесұлы
«Рух» пікірталас клубының жетекшісі
Байланыс: 8 777 548 4867

Жарыссөз – бұл ереже нақты сақталған пікірталастың ерекше түрі болып табылатын зияткерлік ойын. Жарыссөздер сыни және логикалық ойлауды дамытады, коммуникативтік мәдениет пен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, дербес шешім қабылдауға дайындайды,тұлғаның қоғамның болашақ көшбасшылары ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Жарыссөздердің негізгі сипаттамасы қарама-қарсы көзқарастар қақтығысын қамтамасыз ететін ережелердің болуы болып табылады. Өз позициясын оппоненттер позициясымен салыстыра отырып, төрешіге өзінің басымдығына сендіру қажет.

Бүгінгі таңда жарыссөздер бүкіл әлемнің мектептері мен университеттерінде өтіп, Қазақстандағы жастар қызметінің ең танымал түрлерінің бірі болып табылады.

Пікірталастың мәні: бейтарап үшінші тарапты, төрешілерді, сіздің дәлелдеріңіз қарсыласыңыздың дәлелдерінен жақсы екеніне сендіру. Мәні қарапайым болғанымен, қалаған нәтижеге қол жеткізетін стратегиялар мен техника қиын болуы мүмкін.

Республикалық деңгейде дебаттаудың негізгі форматтары бар: Карл Поппер форматы, Американдық-парламенттік формат, Британдық-парламенттік формат, Линкольн-Дуглас форматы.

Біздің университетте “Анарыс” және “Жігер” жарыссөз клубтары бар. 2015 жылы университет базасында ҚР Конституциясының 20 жылдығына (маусым) және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына (тамыз) арналған республикалық және облыстық дебаттық турнирлер өткізілді.

Клубтың міндеті:

  • Жоғары оқу орнының студенттерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру;
  • Шешендік шеберлікке және пікірталас жүргізу ережелерін үйрету;
  • Талас ахуалдарды дипломатиялық түрде шешуді үйрету;
  • Өз көзқарасыңды қорғауға үйрету;
  • Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда жаңа идеялар табу.

«РУХ» пікірталас орталығының мақсаты:

Жастардың жан-жақты дамуы, олардың адамгершілік, интеллектуалдық әлеуетін, саяси, құқықтық және рухани мәдениетін арттыру, мемлекеттік тілді дамыту және жастар арасындағы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру үшін жағдайларды жасауға қатысуы.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу