Шетелдік талапкерлерге арналған ақпарат

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау университет қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Әңгімелесу онлайн форматта жүргізіледі. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5(бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Университет білім беру бағдарламалары акредиттеуден өткендіктен шетелдік азаматтарды білім беру гранты және ақылы негізде қабылдауға толық құқылы.

Университет қабылдау комиссиясы кеңес беру, құжат қабылдаудан бастап, білімін растайтын құжаттарды нострификациялаудан өткізуге дейінгі іс-әрекеттерге жәрдемдеседі.

Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалдык уәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар талапкер оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне мемлекеттік білім беру тапсырысы немесе ақылы негізде қабылданған шетелдік студенттер келесідей мүмкіндіктерге ие болады:

  • сапалы  әрі осы заман талаптарына сай келетін білім алу;
  • барлық жағдайы жасалған студенттік үйлерде тұру;
  • жан-жақты спортпен шұғылдану, сондай-ақ спорт және фитнес залдарында тегін шұғылдану;
  • жарқын және қызыққа толы студенттік өмір т.б.
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу