Сапа менеджменті жүйесі

Аккредиттеу

Институционалды аккредиттеу – білім ұйымын жалпы аккредиттеу.

Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу жеке білім бағдарламасын аккредиттеумен тұжырымдалады. Қазақстан Республикасында білім ұйымдарын аккредиттеу ерікті негізде жүргізіледі. Білім ұйымдары аккредиттеу органын өз бетінше таңдай алады.

Аккредиттеу барған сайын үлкен рөлге ие болып, ЖОО-ң институционалды легитиімділігінің белгісіне айналуда, өйткені тәуелсіз агенттікпен жүргізіледі, ол жоо-ң алдыңғы тәжірибесіне негізделе отырып, бағдарламалардың үйлесімділігіне немесе академиялық құрылымның адалдығына сүйенеді. Аккредиттеу сапа синонимі ретінде түсінілетін болды.

2013 жылдың  05 желтоқсанында Жәңгір хан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық-технткалық университеті халықаралық стандарттарға сәйкес аккредитациялық органда – Білім сапасын қамтамасыз етудің тәуелсіз қазақстандық агенттігінде (БСҚТҚА)  –институционалдық және  арнайы аккредитациядан 5 жыл мерзімге  (аккредитация өту куәлігі 10-11.06.2014 ж. берілген) өтті.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу