Электротехника және автоматика жоғары мектебі

«Электротехника және автоматика» жоғары мектебі 1966 жылы құрылып, «Мал шаруашылықтарын механикаландыру» кафедрасынан бастау алған. Кафедра меңгерушісі болып П.И. Кульпин тағайындалды. Бұл құрамға т.ғ.к. С.Ш. Джубаев, аға оқытушы В.Н. Данилов, оқытушылар Я.Г. Пулищук және Б.В. Нечаев, оқу өндірістік шебері С.Н.Анищенко кірді.

1968-1978 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып Джубаев Сергей Шугаевич сайланды. Оның негізгі күш-жігері кафедраның оқу зертханаларын жаңа ғимараттармен жабдықтауға бағытталды. «Сиырларды сауу және сүтті алғашқы өңдеу», «Қой қырқу және жүнді алғашқы өңдеу», «Жем дайындау және мал азығын дайындау машиналары», «Студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстары», «Гидравлика және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету», «Сиырларды сауу және сүтті алғашқы өңдеу», «Жем-шөп дайындау және мал азығын дайындау машиналары» сияқты зертханалар, «Жалпы электротехника», «Электр жетегі және ауыл шаруашылығы өндірісінде электр энергиясын пайдалану» зертханалар ұйымдастырылды.

Осы кезеңде кафедраға доцент лауазымына Челябинск қаласындағы аспирантураны бітірген С.Ф. Мерзлякова, аға оқытушы Филимонова Э.Н., ассистенттер А.П. Вичкуткина, М.Е. Коневцев пен М.К. Бралиев, зертханашы С.Белов шақырылды.

1978-1987 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып Қ.М. Дүйсекенов сайланды. 1984 жылдың қараша айында «Мал фермаларын механикаландыру» кафедрасынан «Ауыл шаруашылығы өндірісін автоматтандыру және электрлендіру» кафедрасы бөлініп шықты. Кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к. Джахфер Музаферович Алиханов тағайындалды.

1988 жылы «Мал фермаларын механикаландыру» және «Ауыл шаруашылығы өндірісін автоматтандыру және электрлендіру» кафедралары біріктіріліп, «Мал шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру» кафедрасының жетекшісі болып конкурс арқылы доцент, техника ғылымдарының кандидаты Владимир Константинович Щурихин сайланды.

1993-1995 жылдары Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының ректоры бола тұрып, «Мал шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі С.Ш. Джубаев конкурс арқылы сайланды.

1995 жылы «Мал шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі болып профессор, техника ғылымдарының докторы Ермек Сатпаевич Айталиев тағайындалды.

2000-2001 ж.ж. аралығында кафедра меңгерушісі доцент, т.ғ.к. Джапаров Наиль Рафхатович, ал 2001 жылы «Энергетика» кафедрасының меңгерушісі болып доцент Александра Павловна Вичкуткина сайланды. 2005 жылы «Энергетика» кафедрасының меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Қажаберген Баядилович Саржанов сайланды. 2007 жылы «Энергетика» кафедра меңгерушісі болып доцент, т.ғ.к. Назым Сагиновна Жексембиева сайланды. 2016 жылы «Энергетика» кафедра меңгерушісі болып доцент, т.ғ.к. Құбайдулла Қалимоллаұлы Төлегенов тағайындалды. 2019 жылы кафедра «Электротехника және автоматика» жоғары мектебі атауына өзгертілді. 2019-2020 оқу жылының басында университеттегі құрылымдық өзгерістерге байланысты жоғары мектептің жетекшісі доцент, т.ғ.к. Лязат Анатольевна Садықова тағайындалды. 2020 ж. желтоқсан айында университеттегі өзгерістерге байланысты жоғары мектептің басшысы болып аға оқытушы, т.ғ.к. (РФ.) Динара Амангельдиевна Джапарова тағайындалды.

2022 жылдың 15 тамызынан бастап доцент м.а., PhD докторы Ербол Төлегенұлы Ербаев «Электротехника және автоматика» жоғары мектебінің жетекшісі болып тағайындалды.

Байланыс
Ербаев Ербол Төлегенұлы
Жетекші
05 – 115
2-49
Аманғалиева Назерке Аманғалиқызы
Аға зертханашы
05 – 115
2-49
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу