Политехникалық институты

Политехникалық институттың тарихы 1963 жылдан басталады, ол кезде ауыл шаруашылығын механикаландыру факультеті болып құрылды. Факультеттің міндеті – Батыс Қазақстанның 4 облысы (Орал, Ақтөбе, Гурьев және Қызылорда) үшін ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру бойынша жоғары білікті мамандар даярлау болды.

Факультеттің алғашқы деканы болып математика ғылымдарының кандидаты, доцент Кенжеғұлов Хайрулла Кенжеғұлұлы тағайындалды. Ол бастамашыл басшы, білікті педагог және жоғары мектептің ұйымдастырушысы ретінде факультетте оқу үрдісін қалыптастыру үшін көп еңбек етті. Оның жетекшілігімен инженерлік-педагогикалық ұжым құру басталды, жаңа кафедралар құрылды, оқу аудиториялары мен мамандандырылған зертханалар жабдықталды. 1965 жылы бастап техника ғылымдарының кандидаты Кульпин Павел Иванович факультет деканы болып тағайындалды. Ол оқытушылар мен студенттердің шығармашылық жұмыстарына қолайлы жағдай жасады. Алғашқы жылдары факультетте физика (кафедра меңгерушісі Я.Е.Шумский), жоғары математика (Х.К.Кенжеғұлов), жалпы техникалық пәндер (Х.С.Сағнаев), ауыл шаруашылығын механикаландыру (А.А.Миценко) кафедралары жұмыс істеді. Кейінгі уақытта кафедралар бөлініп, біріктіріліп, жаңалары құрылды.

Факультет оқытушылары мен студенттері арнайы пәндер бойынша оқу тәжірибелерін сабақтарын оқу-тәжірибелік шаруашылығында өткізді. Сол жылдары құрылған сынау қондырғылары, машиналарды жөндеу және пайдалану жөніндегі зертхананың жабдықтары мен аспаптары кейіннен қолданылды және оқу-тәжірибе шаруашылығы машиналарын жөндеу жөніндегі шеберхананы жабдықтау үшін негіз болды.

1969 жылы факультет деканы болып Джубаев Сергей Шугаевич тағайындалды, ол факультеттің жаңа студенттік қалашыққа көшуін ұйымдастырушылардың бірі болды. 1977 жылдан бастап факультет деканы Бенцлер Юрий Яковлевич болды. Әкімшілік қызметімен қатар Ю.Я.Бенцлер ғылыми жұмыспен нәтижелі айналысты. Оның тікелей қатысуымен факультет бірінші болып институтта оқудағы, тәртіптегі, тұрмыстағы және қоғамдық-пайдалы еңбектегі ұжымдық жауапкершілік үшін қозғалыс ұйымдастырды. Оқу үрдісіне ұжымдық мердігерлік қағидатын енгізу бастамасы – оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясында жаңа әдістерді іздестірудегі университет басшылығының эксперименталдық бастамасы болып табылады.

1983 жылы оқу үрдісіне 10 мамандандырылған кафедра қызмет етті, онда 88 оқытушы, оның ішінде 30 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Факультет құрамына «Тракторлар мен автомобильдер», «Ауыл шаруашылық көліктері», «Көлік – трактор паркін жөндеу және пайдалану», «Еңбекті қорғау және өндірістік оқыту», «Мал шаруашылығы фермаларын механикаландыру» және т.б. кафедралар кірді. 1987 жылдан 1993 жылға дейін факультет деканы болып Ленинград кеме жасау институтының аспирант-түлегі Абдрахманов Андеш Бекитжанович жұмыс істеді. 1993 жылдан 1999 жылға дейін факультетті Мурзагалиев Ахмет Жакиевич басқарды. 2000 жылдан 2020 жылға дейін факультетті ғылым кандидаттары Бенцлер Юрий Яковлевич, Джапаров Раниль Рафхатұлы, Кусайнов Рахметулла Құсайынұлы, Ширванов Рашид Болатұлы, Айталиев Ермек Сәтпайұлы, Бакушев Аскар Асылғалиұлы басқарды.

2019 жылы қыркүйек айында Политехникалық факультет «Политехникалық институт» болып қайта құрылды. 2020 жылдың наурызынан бастап «Политехникалық институтты» техника ғылымдарының кандидаты Кубашева Жанна Қайыржанқызы басқарады. Политехникалық институттың құрамына «Жалпы техникалық дайындық» орталығы және «Техника және инженерлік қорғау» мен «Электротехника және автоматика» жоғары мектептері кіреді. Қазіргі уақытта институт жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 11 білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлайды.

Институттың оқытушылары барлық техникалық бағыт бойынша оқитын білім алушыларға жоғары оқу-әдістемелік үрдісте дәріс, практикалық сабақтар жүргізеді. Олардың ішінде ғылым докторлары Е.С.Айталиев, Б.Н.Нуралин, ғылым кандидаттары                 Р.Р.Джапаров, Ш.Ж.Махмудова, Н.С.Жексембиева, Е.М.Джаналиев, Ж.К.Кубашева, М.К.Дусенов, С.Г.Хайруллина, К.К.Оқас, Д.А.Джапарова, Г.С.Сайфутдинова,  PhD докторлары А.Е.Сәрсенов, А.С.Ибраев, Е.Т.Ербаев, ЖАК доценті М.К.Бралиев, сонымен қатар техника және педагогика ғылымдарының магистрлері бар. Соңғы бес жылда академиялық білім деңгейін көтеріп,  РФ университеттерінде А.Е.Сәрсенов, А.С.Ибраев, Е.Т.Ербаев, С.Г.Хайруллина, К.К.Оқас, Д.А.Джапарова, Г.С.Сайфутдинова кандидаттық диссертацияларын қорғап, ғылым кандидаты дәрежесін алды. Сонымен қатар қазіргі уақытта екі оқытушы  PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғауға дайындалып жатыр және РФ аспирантурасында  төрт оқытушы оқиды.

Оқу үрдісінде блоктық-модульдік жүйе, рейтинг-бақылау, оқытудың интербелсенді әдістері: мультимедиа, ғаламтор, электронды оқулықтар, электронды оқытатын және бақылайтын бағдарламалар, аудио және бейнематериалдар белсенді пайдаланылады. Оқу сабақтарының сапасын бақылауды институттың оқу-әдістемелік бюросы және жоғары мектептер алдын ала белгіленген кестеге сәйкес өзара қатысу және ашық сабақтар өткізу арқылы және жоғары мектеп отырыстарында талқылау арқылы жүзеге асырады. Өткізілетін сабақтарды өндірістік қызметке жақындату мақсатында практикалық сабақтардың белгілі бір бөлігі институттың жоғары мектептерінің «БҚ АЭК» ЖШС,  «Орал Трансформатор зауыты» ЖШС және т.б. филиалдарында өткізіледі. Институт білім алушылары өндірістік тәжірибеден қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында өтеді: «БҚ АЭК» ЖШС, «Трансформатор зауыты» ЖШС, «KEGOC» АҚ, «Уральскагрореммаш» АҚ, «Зенит» зауыты, «Гидроприбор» ҒЗИ, «Жайық жылу қуат» АҚ, «Орал құс фабрикасы» ЖШС және т.б.. Институт алыс және жақын шетел (Мәскеу, Саратов, Самара, Орынбор және т.б.) қалаларында ғылыми-педагогикалық кадрлармен тұрақты алмасуды және жас ғалымдардың тағылымдамасын өткізеді. Институтта белсенді түрде тәжірибе жинайтын, ғылыми конференцияларға қатысатын және болашақта өз ұстаздарының қолынан эстафетаны лайықты қабылдайтын жас ғалымдар, оқытушылар еңбек етеді.

Байланыс
Кубашева Жанна Каиржановна
Директор
05 - 202
2-16, 8 (7112) 50 10 85
Өтемісова Нұржүзз Елеусізовна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
05 - 202
2-16, 8 (7112) 50 10 85
Джаналиев Ерназар Максутович
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
05-309
1-48
Ибраев Әділ Серікұлы
Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары
05-208
1-43
Ербаев Ербол Төлегенұлы
Директордың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша орынбасары
05-115
2-49
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу