Вакансии
Для слабовидящих

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау ережесі

«Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.

Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша, екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау конкурсында Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар және екі шығармашылық емтиханның нәтижелері ескеріледі.

Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жалпыкәсіптік пән және арнайы пән бойынша балдар ескеріледі.

Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін және шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін арнайы пән бойынша балдар және шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.

Оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламалары топтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының  қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;

2) білімі туралы құжатты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);

3) ҰБТ сертификатын (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:

1) еңбек кітапшасы;

2) ұйымның мөрімен (егер бар болса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;

5) жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты;

6) жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер;

7) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.

Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және жоғары оқу орнын көрсетеді.

Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13 – 20 шілде аралығында қабылданады.

Шет тілдегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен ұсынылады.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификатталады.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша білім алуға қарсы айғақтардың жоқтығы туралы медициналық қорытындыны береді.

Балдар тең болған болған жағдайда, жоғары білімнің білім беру грантын беруге басым құқығы бар оқуға түсушілер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына осы құқықты растайтын құжатты тапсырады.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін қысқартылған оқу мерзімдері көзделетін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша:

ұлттық ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» салалары бойынша – кемінде 60 балл;

басқа ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 70, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласы бойынша кемінде 65 балл жинаған тұлғалар жіберіледі.

Бұл ретте ҰБТ-ның және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білім кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған тұлғалар жіберіледі.

Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларына түсушілер жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа бір білім беру бағдарламасының тобы бойынша қатысады және өтініште шығармашылық емтихан тапсырған ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.

«Педагогикалық ғылымдар» «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша білім беру бағдарламаларына түсушілер және арнайы емтиханнан өтіп, рұқсат алғандар білім беру грантын беруге арналған конкурста ЖЖОКБҰ және арнайы емтиханды тапсыру орнына қарамастан, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының төрт тобын таңдау құқығына ие.

Білім беру грантын алуға арналған конкурс өткізілген кезде, сондай-ақ жоғары бiлiм кадрларды даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдау кезiнде балдар тең болған жағдайда басым құқық мынадай кезектілік бойынша беріледі:

1) «Алтын белгi» белгiсімен марапатталған тұлғалар;

2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың;

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;

4) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;

5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы айғақтары жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғалар.

Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.

Жоғары білімнің білім беру грантын беру бойынша басым құқық болмағанда, балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болғанда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.

Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы тұлғалар үшін қабылдаудың көрсетілген квоталары барлық мәлімделген білім беру бағдарламалары тобына таратылады.

Квота бөлінген даярлық бағыттарында шығармашылық емтиханы бар білім беру бағдарламаларының тобы болған жағдайда, білім беру грантын беру кезінде ҰБТ-ға қатысушының тестілеу нәтижелері үтірден кейінгі бір белгіге дейін дөңгелектелген ең жоғары ықтимал балға пайыздық қатынаста салыстырылатын болады.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестатының, куәлігінің немесе дипломының орташа балы жоғары тұлғаларға беріледі.

Аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болған жағдайда бейіндік пән немесе шығармашылық емтихан бойынша алған балдары ескеріледі.

Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота көзделген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 30 пайызына конкурс тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізіледі.

Қазақстан Республикасы ЖЖОКБҰ-ға қабылдау квотасы көзделген ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары тобының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган республикалық комиссия шешімінің негізінде бұйрық шығарады және оқуға түсушілерге жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік береді.

Жоғары білімнің білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары түсушілердің конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 20 тамыздан кешіктірмей береді.

Грант иегері жоғары білімнің білім беру грантынан бас тартқан жағдайда жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік және талапкердің өтініші білім саласындағы уәкілетті органға 29 тамызға дейін тапсырылады және күнтізбелік үш күн ішінде күші жойылады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Подписаться на новости