Орталық туралы (Мансап және бизнес-серіктестік орталығы)

Мансап және бизнес-серіктестік орталығы ЖОО мен еңбек нарығы арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын құрылымдық бөлімше. Орталық 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап жұмыс істейді.

 Орталықтың миссиясы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ түлегінің тиімді мансаптық траекториясын жүзеге асыру. Орталықтың басты мақсаты –университет түлектерін жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Орталық қызметінің негізгі міндеттері:

– бизнес-құрылымдармен ынтымақтастықты дамыту және жүзеге асыру;

– жұмысқа орналастыру және мансапты қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

– ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

– түлектер және қамқоршылар қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру;

– жұмыс берушілерді оқу процесіне тарту;

-студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (бос орындар жәрмеңкесі, жұмыс беруші компаниялардың тұсаукесерлері, қонақ дәрістері және т. б.);

– олардың мансабын қадағалау үшін түлектермен байланыс орнату, қолдау және дамыту;

– компанияларда кәсіби іріктеуден өтуге дайындық, жұмысқа қабылдау кезінде түйіндеме жазу және сұхбат алу бойынша тренингтер ұйымдастыру;

– еңбек нарығын талдау және нарықтың даму үрдістері және жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптары туралы ақпаратты талдау.

Мансап және бизнес-серіктестік орталығының құрамы

  1. Директор – экономика ғылымдарының кандидаты Сұлтанова Зәмзәгүл Хамитқызы
  2. Жетекші маман – ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Нұрғалиев Ақылбек Мұратұлы
  3. Маман – экономика ғылымдарының магистрі Жайтлеуова Әсел Абзалқызы
  4. Маман – Жақсылықова Марал Айтбайқызы

Байланыс:

Тел: 8-7112-50-10-09, ішкі 2-24, 1-91.

e-mail: mansaportaligi@mail.ru

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу