ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ
Аймақтағы беделді білім ордасының бірі саналатын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мектеп және колледж бітіруші түлектерді жоғары кәсіби білім алуға шақырады.
Университет коды: 501
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады

2023-2024 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау, мемлекеттік білім гранты конкурсына өтініш беру, магистратура бойынша кешенді тестілеу тапсыру, докторантураға оқуға түсу емтихандары бойынша қабылдау комиссиясы күн сайын (демалыссыз) сағат 9.00 – 18.00 аралығында (үзіліссіз) жұмыс жасайды.

Білім беру бағдарламаларын таңдау, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу, ақылы негізде немесе қашықтықтан оқыту бойынша сұрақтарыңызды qabylday.bqatu@gmail.com электронды поштасына жолдасаңыз болады.

Байланыс
телефондары : Бізден кеңес алу үшін және барлық сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады.
Онлайн видео-кеңесші
Онлайн видео-кеңесшіге қосылу нұсқаулығы:
1. кеңесшінің есімін шертіп басыңыз;
2. "request permission" батырмасын басамыз, осылайша микрофон мен видео-камераны қосамыз;
3. "knock" батырмасын басып, қосылғанын күтіңіз. Егер 60 секундтан артық күтсеңіз, басқа кеңесшіге хабарға шығыңыз;
4. oнлайн кеңес беру дүйсенбі-жұма аралығында с 9.00-ден 18.00-ге дейін. Сенбі сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін.
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу