Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі университетті интернацияландыруға жауапты оқу орнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің мақсаты: университеттің шетелдік университеттер, халықаралық ұйымдармен байланысын дамыту арқылы халықаралық ғылым-білім кеңістігіне ықпалдасуына көмектесу.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

  • әріптес шетелдік жоғары оқу орындарын іздеу және олармен әріптестік байланыс орнату;
  • университеттің оқу және білім беру үдерістеріне тарту үшін шетелдік ғалымдар мен мамандарды шақыру;
  • білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру;
  • халықаралық ұйымдар және қорлармен ынтымақтастық байланыс ұйымдастыру;
  • білім алушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің тілдік даярлығын арттыру мақсатында Тілдерді дамыту орталығы және Білімді тарату орталығымен бірігіп шетелдік оқытушылар мен тренерлерді тарту арқылы тікелей тілді тасымалдаушылар арқылы ағылшын тілі курстарын ұйымдастыу;
    Университеттің халықаралық қызметі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың болашақта әлемдік білім беру және ғылым кеңістігіне ықпалдасуына бағытталған.
    Университетте интернацияландырудың мынандай формалары қолданылады: шетелдік студенттер мен профессорларды тарту, білім алушылардың қысқа мерзімді ұтқырлығы бойынша айырбас бағдарламаларын ұйымдастыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын жасау және енгізу, біліктілікті жетілдіру және тағлымдама курстарынан өту.
    Жәңгір хан атындағы БҚАТУ 166 шет елдік ЖОО және ғылыми мекмелермен ынтымақтастық келісімшартқа отырған және Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде 2020 -2023 жылдарға арналған үш халықаралық жобаларға серіктес:
  • Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық (ACeSYRI).
  • Қазақстандағы индустриалды автоматика және робототехника бойынша қосарлы білім беру (DIARKAZ).
  • Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS).
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу