Машина жасау жоғары мектебі

Жоғары машина жасау мектебі келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды дайындайды:

– 6В07103 – «Машина жасау»;

– 6В07102 – «Өндіруші салалардың машиналары мен жабдықтары»;

– 6В07104 – «Мехатроника»:

– 6В07107 – «Робототехникалық жүйелер».

Білім алушыларды даярлауды білікті профессорлар, доценттер, магистрлер мен өндіріс мамандары жүзеге асырады.

Сонымен қатар білім алушылар заманауи машина жасау технологиялары туралы білім алады, сандық басқаруы бар машиналардың барлық түрлерін бағдарламалауды, технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдалану және жөндеуді меңгереді.

Қазіргі уақытта негізгі үрдіс технологиялық басқару жүйелерін автоматтандыру және роботтандыру болды. Осы мақсатта жаңа «Мехатроника» және «Робототехника» білім беру бағдарламалары әзірленіп, оқу үдерісіне енгізілді. Білім беру бағдарламалары механика, ақпараттық жүйелер және электроника салаларын қамтиды.

Жоғары мектепте арнайы оқу зертханалары, компьютерлік және мультимедиялық сыныптар бар. «CББ станоктарында бөлшектерді өңдеуді бағдарламалау және технологиялық процестерді автоматтандыру» оқу зертханасы заманауи жабдықтармен, атап айтқанда, фрезерлік және лазерлік станоктармен, 3D принтермен жабдықталған.

Робототехника оқу зертханасы заманауи зертханалық стендтермен жабдықталған:

1. «Мехатроникада бастау»;

2. Бағдарламаланатын логикалық контроллер SIEMENS 1200+;

3. Өнеркәсіптік роботы бар мехатрондық модуль;

4. Цифрлық және микропроцессорлық технология негіздері;

5. ROBIN-электр роботын электрлік автоматтандыру.

Кәсіби тәжірибелерді өткізу және практикаға бағытталған сабақтарды өткізу үшін келесі салалармен келісімдер жасалды: «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Орал механикалық зауыты» ЖШС, «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС, «КПО б.в.» АҚ және т.б.

Барлық білім беру бағдарламалары Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінде (БСҚА) аккредиттелген.

Байланыс
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу