Индустриалды-технологиялық институты

2003 жылы негізі қаланған институт университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен «Мұнай-газ» факультеті болып ашылды.

Институт құрамында 9 білім беру бағдарламасы бар: «Құрылыс инженериясы», «Құрылыс материалдарын өндіру», «Мұнай-газ ісі», «Химиялық инженерия», «Машина жасау», «Өндіруші салалардың машиналары мен жабдықтары», «Мехатроника», «Роботты жүйелер».

Қарашығанақ газ-мұнай конденсаты кен орнын игеру, машина жасау зауыттарының, кен және кенсіз шикізат ресурстарының орасан зор қорларының болуы,  жаппай азаматтық және өнеркәсіптік құрылысты дамыту салалары тиісінше кадрлармен және ғылыммен қамтамасыз етуді талап етті. Сондықтан ҚР Үкіметінің 25.06.2005 жылғы №633 қаулысымен университетте «Машина жасау» факультеті құрылды.

2007 жылы «Машина жасау» факультетінің жаңа корпусы пайдалануға берілді. 2008 жылы «Машина жасау» факультеті бакалаврларының алғашқы түлектері оқуды аяқтады.

2019 жылдың маусым айында университетті оңтайландыру нәтижесінде «Машина жасау» факультеті – «Индустриялық-технологиялық институт» болып өзгертілді.

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап институтты Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Монтаев Сәрсенбек Алиакбарұлы басқарады. Қазіргі уақытта институтта 18 білім беру бағдарламасы мен мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандарын даярлайтын лицензиялар бар, олардың 9-ы – бакалавриат, 8-і – магистратура  және біреуі – докторантура бойынша. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау үш тілде жүргізіледі. Барлық білім беру бағдарламалары жұмыс берушілерден, кәсіби қауымдастықтардан және түлектерден рецензияланады.

Байланыс
Монтаев Сәрсенбек Aлиакбарұлы
Директор
06 - 214
2-34, 8 (7112) 51 61 33
Уразова Алия Фрунзеевна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
02-213
1-61
Құспанова Алмагуль Мустафаевна
Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары
02-209
2-36
Хамзина Баян Елемесовна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
02-214
1-56
Шингужиева Алтынай Бакытжановна
Директордың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша орынбасары
02-213
1-61
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу