Құрметті магистранттар мен докторанттар!

Университеттің халықаралық ынтымақтастық бөлімі Италияның шетелдік студенттерге арналған ұлттық бағдарламасы бойынша Милан университетімен (Università degli Studi di Modena e Reggio Emilia (бұдан әрі-UNIMO) Италия институтаралық келісім жасасу туралы хабарлайды.  Осы Келісім аясында UNIMO магистранттарды/докторанттарды үш білім беру бағдарламасы бойынша 2020-2021 оқу жылының көктемгі (Наурыз-мамыр, 2021 ж) семестріне академиялық оқуға қабылдайды:

1.         Молекулалық потология

2.         Молекулалық микробиология

3.         Эмбриология. 

Қабылдаушы жақ Италияға ұшатын рейстер мен тұру  ақысын төлейді.

Талаптар:

1.         Жоғары академиялық үлгерім (білім алушылар үшін)

2.         Ағылшын тілін білу деңгейі В2 (upper intermediate)

Іріктеуді басқарма төрағасы-ректордың бұйрығымен бекітілген комиссия мүшелері жүргізеді.

Осы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар халықаралық ынтымақтастық бөліміне (маман Г.Х. Иргалиеваға) ректордың атына жазылған өтініш пен ұсынылған құжаттардың тізімдемесін қоса бере отырып, қағаз түріндегі құжаттар пакетін (жоғарыда аталған) ұсынуы тиіс. 2021 жылғы 20 ақпаннан кейін ұсынылған немесе толық ұсынылмаған құжаттарды UNIMO талаптарының сақталмауына байланысты комиссия қарамайды. 

22-23 ақпан аралығында UNIMO -мен келісілген әдістеме бойынша тілді меңгеру деңгейін анықтау мәніне үміткерлерге тәуелсіз тестілеу өткізілетін болады.

Байқау қорытындысы мен жеңімпаздардың есімдері университеттің ресми сайтында «Жаңалықтар» бөлімінде, wkau.kz  nstagram парақшасында 24 ақпан 2021 жарияланады.

Толығырақ ақпаратты- Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы Иргалиева Гульжамал Хамитовнадан алуға болады.

Байланыс ақпараты: бас ғимарат, тел.: +7112502115, ішкі.тел.: 1-38.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу