Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсын өткізу ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 271 қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 49-тармағына сәйкес өткізілетін ғылымисарапшылық іс-шара болып табылады.
1.2. Конкурстың құрылтайшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы.
1.3. Конкурстың республикалық кезеңінің ұйымдастырушысы (бұдан әрі – республикалық кезеңнің ұйымдастырушысы) Қазакстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығы болып табылады.
1.4. Конкурстың өңірлік кезеңінің ұйымдыстырушылары (бұдан әрі – өңірлік кезеңнің ұйымдастырушылары) Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылықтары (келісім бойынша), «Қоғамдық келісім» ҚММ (келісім бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ғылыми-сарапшылық топтары болып табылады.
1.5. Осы Ереже Конкурсты өткізу тәртібін және ғылыми жұмыстарды іріктеу талаптарын анықтайды.

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздеу.
2.2. Конкурстың міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетуге септігін тигізетін зерттеу ісіне ғылыми қауымдастықты, соның ішінде, жастарды тарту;
2) жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру;
3) дарынды жас зерттеушілерді іздестіру және қолдау;
4) ғалымдар мен жас зерттеушілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.

  1. Конкурстың тақырыптық бағыттары

3.1. Конкурстың негізгі тақырыптық бағыттары:
1) Қазақстан халқы Ассамблеясы татулық, қоғамдық келісім мен бірлік институты ретінде;
2) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамалары контексіндегі татулық пен келісім идеялары;
3) Азаматтық бірлік, этномәдени және конфессиялық әралуандылық қазақстандық қоғамды топтастырудың құндылық негіздері мен факторлары ретінде;
4) Ұлттық код және қоғамдық сананы жаңғырту;
5) әл-Фараби және Абай Құнанбаев еңбектеріндегі бейбітшілік және келісім құндылықтары.
3.2.Республикалық кезеңнің ұйымдастырушылары ықтимал қатысушыларды осы Ережемен айқындалған тәртіпте міндетті түрде ақпараттандыра отырып, қажеттілікке қарай Конкурстың тақырыбына толықтырулар енгізуге құқылы.

  1. Конкурсқа қатысушылар

4.1. Конкурсқа жас зерттеушілер қатыса алады.
4.1.1 Конкурсқа жас зерттеушілер, студенттер, магистранттар мен докторанттар (соның ішінде PhD дәрежесін иеленуге арналған диссертациясын соңғы үш жыл ішінде қорғағандар), 35 жасқа дейінгі оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, Қазақстанның ғылыми-сарапшылық қауымдастығының өкілдері қатыса алады.
4.2. Әрбір үміткер тек бір өтінім бере алады. Бір үміткердің екі және одан көп өтінімде бірлескен авторлығына рұқсат етілмейді.

  1. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

5.1. Конкурс үш кезеңде өткізіледі:
1) конкурстың өңірлік кезеңі;
2) конкурстың республикалық кезеңі (жобаларды сырттай іріктеу);
3) конкурстың қорытынды кезеңі (қатысушылардың өз жобаларымен таныстыруы).
5.2. Конкурс аясында жоспарланған іс-шаралар күнтізбелік жоспарға (осы Ережеге 1-қосымша) сәйкес өткізіледі.
5.3. Конкурстың өңірлік кезеңі Қазақстан Республикасының барлық облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өткізіледі.
5.4. Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер жергілікті конкурстық комиссияның бағалауы үшін (бағалау парағының үлгісі осы Ережеге 4-қосымшада көрсетілген) күнтізбелік жоспарға сай мерзімде осы Ережеге 2- және 3-қосымшаға сәйкес рәсімделе отырып, өңірлік кезеңнің ұйымдастырушыларына жолданады.
5.5. Жергілікті конкурстық комиссиялар жұмысының нәтижесі бойынша республикалық кезең ұйымдастырушыларына жіберу үшін әр өңірден 3 жоба таңдалынады.
5.6. Конкурстың жобаларды сырттай іріктеу тәртібіндегі республикалық кезеңі Нұр-Сұлтан қ. күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізіледі (Қосымша 1).
5.7. Конкурстың республикалық кезеңінде авторлардың тікелей қатысуынсыз конкурстың өңірлік кезеңінің іріктеу нәтижесінде бағытталған ғылыми жобалар қарастырылады. Сырттай іріктеуге елдің барлық өңірін танытатын 51-ден артық емес жоба қатысады. Бір өңірден 3-ден артық жоба ұсынылған жағдайда республикалық кезең ұйымдастырушылары сандық шектеуден асатын кез келген өтінімнен бас тартуға құқылы.
5.8. Республикалық сарапшылық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін республикалық кезеңнің ұйымдастырушылары сырттай іріктеуден өткен қатысушыларды Конкурстың үшінші (қорытынды) кезеңінің өткізілу мерзімі мен шарттары туралы ақпараттандырады. Қатысушыларға ақпарат электронды пошталарына жіберіледі.
5.9. Конкурстың қорытынды кезеңі Нұр-Сұлтан қ. өткізіледі, нақты өтетін орнын республикалық кезең ұйымдастырушылары анықтайды.
5.10. Конкурстың қорытынды кезеңі барысында авторлар Конкурстың екінші (республикалық) кезеңінде сырттай іріктеуден өткен өз ғылыми жобаларын республикалық сарапшылық комиссия алдында тікелей таныстырады.
5.11. Конкурстың қорытынды кезеңіндегі жобалардың таныстырылымы ұзақтығы 7-10 минуттан артық емес ауызша баяндама түрінде іске асырылады. Баяндама электронды таныстырылым, аудио- /видеожазбалар, көрнекі материалдармен қатар жүруі мүмкін. Арнайы жабдықтар (проекторлар, стендтер және т.с.с.) қажет болған жағдайда қатысушы республикалық кезеңнің ұйымдастырушыларын Конкурстың қорытынды кезеңін өткізуге кемінде 3 жұмыс күні қалған уақыттан кешіктірмей ескертуі тиіс.
5.12. Конкурстың қорытынды кезеңінің жеңімпаздарын жобаларды бағалау критерийлеріне сәйкес қойылған балдарды санау арқылы республикалық сарапшылық комиссия анықтайды. Екі немесе одан да көп үміткердің балдары тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
5.13. Конкурс туралы осы Ереже облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Қазақстан халқы Асссамблеясы хатшылықтарына жолданады. Хатшылықтар тиісті құжаттарды алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде өз өңірінің барлық ЖОО мен АООО, ЭМБ, зерттеу құрылымдарына Конкурс туралы ақпаратты жібереді.
5.14. Конкурстың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен. Конкурс жеңімпаздарын мараппатаудың салтанатты рәсімі Нұр-Сұлтан қ. өткізіледі, нақты өткізу орны республикалық кезең ұйымдастырушыларымен анықталады.
5.15. Конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау өңірлік кезең ұйымдастырушыларының қарауына қарай өткізіледі.

  1. Конкурс ұйымдастырушылары мен конкурстық комиссияның қызметі

6.1 Республикалық кезең ұйымдастырушылары конкурстың жалпы басшылығын іске асырады.
6.2. Республикалық кезең ұйымдастырушылары:
− Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
− Республикалық конкурстық сарапшылық комиссиясының құрамын, өтінімдерді бағалау жүйесі мен өлшемдерін бекітеді;
− Конкурстың барлық рәсімдерін өткізу және конкурс жеңімпаздарын марапаттау тәртібін анықтайды;
− Конкурс нәтижелерін хаттама түрінде бекітеді;
− www.assembly.kz, www.apa.kz сайттарында конкурстың жариялануы мен қорытындысы туралы ақпаратты орналастырады.
6.3. Республикалық кезеңнің ұйымдастырушылары қатысушылардан қосымша ақпарат алуға құқылы.
6.4. Өңірлік кезеңнің ұйымдастырушылары жергілікті конкурстық комиссия құрамын жасақтайды, олардың жұмысы нәтижесінде іріктелген жобалар мен комиссия отырысының хаттамасын конкурстың республикалық кезеңін ұйымдастырушыларға жолдайды.
6.5. Жергілікті конкурстық комиссия:
1) өңірлік ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінен, ЖОО әлеуметтікгуманитарлық пәндердің профессорлар-оқытушылар құрамынан құрылады;
2) комиссия құрамы мен мүшелер саны ұйымдастырушылармен анықталады;
3) комиссияның алғашқы отырысында ашық дауыс беру арқылы сайланатын Төрағамен басқарылады;
5) ғылыми жұмыстардың іріктеуді жүзеге асырып, ұсынылған жұмыстарды Плагиатқа тексеруден өткізеді (мәтіннің ерекшелігі 75% төмен болмау керек);
6) дауыс беру нәтижелері көрсетілетін отырыстың хаттамасын жүргізеді.
6.6. Республикалық сарапшылық комиссия:
– Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелерінен және Академия мен өзге де ұйымдардың профессорлықоқытушылық құрамынан және ғылыми қызметкерлерінен құрылады;
1) комиссияның Төрағасы Академия ректоры болып табылады;
2) комиссия Төрағасының орынбасары қызметін жауапты вице-
ректор атқарады;
3) комиссия құрамы мен мүшелер саны ұйымдастырушылармен
анықталады;
4) конкурстың екінші кезеңінде ғылыми жұмыстарды сырттай
іріктеуді жүзеге асырады;
5) қатысушылардың жұмыстарын оларға сәйкестендіру кодын беру арқылы шифрлайды;
6) ұсынылған жұмыстарды Turnitin жүйесінде плагиатқа тексереді;
7) конкурстың үшінші кезеңінде қатысушылардың таныстырылымын тыңдайды;
8) конкурстың екінші және үшінші кезеңдерінің нәтижесі бойынша отырыс хаттамаларын рәсімдейді.

  1. Конкурстық өтінімді рәсімдеу талаптары

7.1. Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысу үшін келесідей құжаттарды жолдау қажет:
1) Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Ереженің 2-қосымшасы) – 1 дана
(сонымен бірге электронды нұсқасы);
2) ғылыми жұмыстың көлемі 20 беттен аспайтын және осы Ереженің 3қосымшасына сәйкес үлгі бойынша басып шығарылған, тігілген мәтіні–
1 дана (сонымен бірге PDF форматындағы электронды нұсқа); 3) қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі.
7.2. Конкурстың екінші (республикалық) кезеңіне ұсынылған ғылыми жобалар үшін жоғарыда аталған құжаттармен бірге қатысушылар келесідей құжаттарды қосымша келесідей құжаттарды бағыттайды:
1) жергілікті Конкурстық комиссия отырысының дауыс беру нәтижелері көрсетілген хаттамасы, сондай-ақ жергілікті Конкурстық комиссияның осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша толтырған жобаларды бағалау парағы;
7.3. Жобалар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
7.4. Жобаны рәсімдеу талаптары: А4 форматындағы мәтін; жол жиегі:
сол жағынан – 3 см, оң жағынан – 1,5 см, жоғарыдан және төменнен – 2 см.; қаріп – Тimes New Roman, қаріп өлшемі – 14; жоларалық интервал– 1.
Жобаның құрылымы:
− негізгі бет;
− Конкурсқа қатысушы (және ғылыми жетекші) туралы ақпарат;
− мазмұны;
− кіріспе;
− жұмыстың негізгі бөлімдері (тараулары);
− қорытынды;
− суреттемелер, фотосуреттер, кестелер, сызбалар және т.с.с. түріндегі қосымшалар;
− қолданылған әдебиеттер тізімі.
7.5. Фотосуреттер, суреттер мен сызбалар қосымша ретінде рәсімделеді.
7.6. Конкурсқа қатысуға өтінім беру Конкурсқа қатысуға үмітті қатысушының осы Ережеде қарастырылған талаптармен және шарттармен келісім формасы болып табылады.
7.7. Конкурс шарттарына сәйкес келмейтін, рәсімдеу ережелері бұзылып ұсынылған немесе Конкурсқа көрсетілген уақыт өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды. Конкурстық өтінімдерді қабылдамау себептері авторларға хабарланбайды.
7.8. Конкурстық өтінім материалдары авторларға қайтарылмайды.

  1. Жобаларды іріктеу критерийлері

8.1. Конкурсқа қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат бойынша ғылыми білімді дамытуға үлес қосатын ғылыми жұмыстар, сондай-ақ инновациялық әдістемелердің зерттемелері ұсынылады.
8.2. Жобаны бағалау кезінде келесідей критерийлер ескеріледі:
1) тақырыптың өзектілігі;
2) жоба мазмұнының Конкурс тақырыбына сәйкестілігі; 3) ғылыми жаңашылдығы;
4) қойылған міндеттерді шешуде өзіндік авторлық тәсілдеме; 5) тәжірибелік мәні.
8.3. Конкурстың республикалық кезеңіне ұсынылатын құжаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығына бағытталады, мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғылы 33а, 3.321 каб. Ғылыми жұмыстар мен ілеспе құжаттар мәтіндерінің электрондық нұсқасын мына электрондық поштаға жіберіңіз d.kosherbayev@apa.kz.
Қосымша ақпаратты Академияның ресми сайтынан мына сілтеме бойынша алуға болады: www.apa.kz немесе байқаудың Ұйымдастыру комитетінің өкіліне хабарласу арқылы алуға болады: Көшербаев Дастан, телефон: 8 (7172) 75-32-23, E-mail: d.kosherbayev@apa.kz.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу