Вакансии
Для слабовидящих

5В073000 – ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН, БҰЙЫМДАРЫ МЕН КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ӨНДІРУ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША XII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІКОЛИМПИАДА

  • Жалпы ережелер
    1.1. 5В073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру (бұдан әрі – Олимпиада) мамандығы бойынша XII Республикалық студенттік пәндік олимпиада Қазақстан Республикасының негізгі жоғары оқу орындарында Республикалық пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылады.
    1.2. Олимпиадаға, 5В073000 – Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.
    1.3. Олимпиаданың негізгі міндеттері:
  • оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту; ең қабілетті студенттерді анықтау және қолдау;
  • студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту;
  • студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ететін дарынды жастарды қолдау;
  • ғылыми қызметке деген қызығушылықты дамыту.
    1.4. Олимпиаданың ұйымдастырушысы – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Индустриалды-технологиялық институтының (бұдан әрі – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) Құрылыс және құрылыс материалдары жоғары мектебі.
    1.5. Олимпиада қашықтықтан он-лайн режимде 2020 жылдың 28 сәуірінде Нұр-Сұлтан уақытымен сағ. 11.00-де өтеді.
  • Олимпиадаға қатысушылар
    2.1. Олимпиаданың қатысушылары – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері (бұдан әрі – Қатысушылар).
    2.2. Олимпиадаға қатысу үшін жоғары оқу орны, мамандықтың әр пәні үшін, 3-4 курстың (қазақ және орыс тілдерінде) 3 студенттен аспауы керек.
    2.3. Қатысуға өтінімді бір талапкер бір пән бойынша береді:
  • құрылыс материалдары (Строительные материалы);
  • Бетон технологиясы (Технология бетона).
    2.4. Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.
  • Олимпиаданы өткізу тәртібі
    3.1. Олимпиаданы ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету үшін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Олимпиаданы ұйымдастыру комитетін құрады. Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің функциялары:
  • пәндер бойынша олимпиаданың нысанын, күнін және орнын анықтайды;
  • университет әкімшілігімен Олимпиаданың шығындарының сметасын, іс-шаралар кестесін және сынып қорын пайдалану туралы келіседі;
  • Олимпиаданың байқау комиссиясы және төрағасы тағайындалады;
  • Университеттің оқу-әдістемелік кеңесіне өткен олимпиаданың нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп ұсынады.
    3.2 Олимпиаданың байқау комиссиясы пәндер бойынша:
  • Олимпиадаға қатысушылардың жұмысына тексеріс жүргізеді, олардың нәтижелерін бағалайды;
  • Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің үміткерлерін анықтайды;
  • пәндер бойынша Олимпиада нәтижелері туралы хаттама жасайды;
  • Олимпиадаға қатысушыларға берілген тапсырмаларға талдау жасайды;
  • шағымдану рәсімін жүргізеді.
    3.3. Байқау комиссиясының құрамына базалық және олимпиадаға қатысатын 2 университет жеребе бойынша анықталып кіреді.
    3.4. Қатысушылар Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына жібереді:
  1. Ректордың атына, толық аты-жөні көрсетілген олимпиаданың қатысушылары: ғылыми жетекшілері мен пәндер шеңберіндегі студенттер туралы хат.
  2. Қатысуға өтініш (1 қосымша).
  3. Қатысушы мен жетекшінің жеке куәлігінің көшірмесі.
    Олимпиадаға қатысуға өтінім 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады және қарастырылады.
    3.5. 21 сәуірде Нұрсұлтан қаласы уақытымен сағат 11.00-де барлық қатысушылар үшін олимпиаданың өткізілуін тексеруі жүргізіледі.
    3.6. Қашықтықтан олимпиаданы өткізу үшін университеттер барлық қатысушыларға Skype бағдарламаларына қол жетімділікті қамтамасыз етіп, Олимпиаданың ашық түрде өтуі үшін бейнебақылау камераларының болуын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға тапсырмаларды шешу және жіберу үшін принтер және сканермен қамтамасыз етілуі керек.
    3.7. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
    1) бірінші кезең – университет ішіндегі;
    2) екінші кезең – базалық университеттерде.
    Республикалық олимпиаданың (университетішілік) І кезеңінің нәтижелері бойынша университеттің конкурстық комиссиясы конкурстық негізде университеттің үздік студенттерін іріктеп, Олимпиаданың II кезеңіне қатысуға жібереді.
    Олимпиаданың екінші кезеңі екі турда мемлекеттік, орыс тілдерінде өткізіледі. Олимпиаданың әр қатысушысы алдыңғы турлардағы нәтижелерге қарамастан екі турдан өтуі керек. Бірінші және екінші турларға олимпиадаға қатысушылар жеке қатысады. Әр қатысушы I және II тур тапсырмаларын электрондық пошта арқылы 2020 жылдың 28 сәуірінде Нұрсұлтан қаласы уақытымен сағат 11.00-де алады. Тапсырмалар 90 минутта орындалады.
    Бірінші тур – бір дұрыс жауаппен, ашық тестілеу (мемлекеттік, орыс тілдерінде). Тест тапсырмаларының саны – 30. Тест тапсырмасын орындау уақыты – 40 минут. Тест нәтижелері 0-ден 30-ға дейінгі балдармен анықталады.
    Екінші тур – жазбаша тапсырма (мемлекеттік, орыс тілдерінде). Олимпиаданың екінші кезеңінде қатысушы қазылар алқасынан 3 теориялық сұрақтан және 2 практикалық тапсырмадан тұратын 5 тапсырманы алады. Жауап беруге дайындалу уақыты 50 минуттан аспайды. Жауаптарды, қазылар алқасының мүшелері 0-ден 70-ке дейін бағалайды, онда теориялық сұрақтардың әрбіреуі 10 балдық шкала бойынша бағаланады, ал әрбір практикалық тапсырмалардың шешімі 20 балдық шкала бойынша бағаланады. Екі турдың қорытынды ең жоғары баллдары 100 баллды құрайды.
    3.8. Олимпиада қатысушыларының тапсырмаларын орындау нәтижелері бойынша қазылар алқасы Олимпиада тапсырмаларын орындау үшін жинаған ұпайлары негізінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
  4. Олимпиаданы қорытындылау
    4.1. Олимпиаданың қорытынды нәтижелері қазылар алқасының қорытынды отырысында шығарылады.
    4.2. Олимпиаданың қазылар алқасының Олимпиаданың II кезеңінің жеңімпаздарын анықтау туралы шешімі оның барлық мүшелері қол қойған тиісті хаттамамен рәсімделеді.
    4.3. Қазылар алқасы жеңімпаздарды келесі ретпен марапаттауды ұсынады:
  • 1 орын үшін – I дәрежелі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамотасы (әр пән бойынша бір студенттен аспауы керек);
  • 2 орын үшін – II дәрежелі ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталары, (әр пән бойынша екі студенттен аспауы керек);
  • 3 орын үшін – III дәрежелі ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталары (әр пән бойынша үш студенттен аспауы керек).
    Қазылар алқасының шешімі грамоталар беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі. Жеңімпаздарға грамоталар беріледі.
    4.4. Олимпиада нәтижелерін және жеңімпаздарды жариялау 2020 жылдың 29 сәуірінде электронды почталарына жіберіледі.
  1. Қосымша ақпарат
    Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы сұрақтар бойынша келесі телефон арқылы байланысуға болады:
    8 (7112) 51-61-33 – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Индустриалды-технологиялық институтының телефон нөмірі,
    Электрондық пошта: olimpiada.zkatu@mail.ru

Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар:

  1. Жарылгапов Сабит Муратович – Құрылыс және құрылыс материалдары жоғары мектебінің жетекшісі,PhD.
    ұялы телефоны: + 7 777 7614498
  2. Шуланбаева Лаура Таргыновна – Құрылыс және құрылыс материалдары жоғары мектебінің аға оқытушысы,т.ғ.к.
    ұялы телефоны: + 7 701 6360634
    Олимпиаданың материалдары www.wkau.kz сайтында орналастырылады.
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Подписаться на новости