Ғылыми кеңес

«Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ-ның Ғылыми кеңесі университетті басқарудың кеңесші органы болып табылады. Ғылыми кеңестің қызметі жариялыққа және оның құзырына кіретін мәселелерді ұжымдық талқылауға негізделеді.

Ғылыми кеңестің төрағасы – Басқарма төрағасы-ректор, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, академик Наметов Асқар Мырзахметұлы.

Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары – Басқарма төрағасының бірінші орынбасары – Стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор, ветеринарлық ғылымдар докторы, профессор Таубаев Өтеген Байыргалиұлы.

Ғалым хатшы – Абдулова Толкын Гибадатқызы.

Ғылыми кеңестің құрамына проректорлар, кафедра меңгерушілері, университеттің құрылымдық бөлімшілерінің жетекшілері, профессор – оқытушылар құрамының өкілдері, студент жастар мен магистранттар өкілдері, сондай-ақ кәсіподақ комитетінің төрағасы кіреді.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Занңамаларын, осы Ережені, сондай ақ Университет Жарғысын басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері:

  • ғылыми-білім беру саясаты, студенттер арасындағы тәрбиелік жұмыстар, академиялық мәселелер бойынша халықаралық қызметтің негізгі бағыттары бойынша шешімдер қабылдау;
  • білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын қамтамасыз ету.

Ғылыми кеңестің құзыреттілігі:

  • жоғары оқу орнының оқу, тәрбие және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша ұсыныстарды университет басқармасына енгізу;
  • жылдық жоспарларды, оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, ақпараттық және халықаралық қызметтер бойынша құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің есептерін талқылау.

Ғылыми кеңестің отырыстарында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР-да Білімді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы, ҚР Үкіметінің қаулылары мен шешімдері талқыланады. Университетің Ғылыми кеңесінің құзырына ғылыми және құрметті атақтарды беру, Президенттік және атаулы шәкіртақылар мен сыйақылар тағайындау кіреді.

Правила присвоения ученых званий (ассоциированный профессор (доцент), профессор)

Правила присуждения ученых степеней

Перечень документов для признания дипломов топовых ВУЗов

Перечень документов для признания на общих основаниях
 

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу