• Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және үйлестіру, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ң ғылыми әлеуетін дамыту және ғылыми зерттеулер жүргізетін құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
• ғылым және білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына және аймақтық мақсатты бағдарламаларға сәйкес кешенді ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жасауға қатысу;
• бөлімнің құзыретіне кіретін мемлекеттік тапсырмаларды, мемлекеттік тапсырыстарды, қызметтерді көрсетуге (жұмыстарды орындауға) өзге де келісім-шарттардың орындалу шарттарының сақталуын бақылау;
• Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ң ғылыми байқауларға қатысуын қамтамасыз етеді (жарияланған жарыстардың мониторингі, өтінімдерді дайындау және қолдау, келісім-шарттар, келісімдер жасау);
• ғылыми іс-шаралар (конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер және т.б.) ғылыми іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуде әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ң құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми іс-шараларды дайындауда, бір жылға арналған ғылыми іс-шаралар жоспарын және есебін жасау барысындағы қызметтерді ұйымдастыру және өткізу;
• ғылыми мақалаларды, университеттік конференция материалдарының жинақтарын, университеттің ғылыми-зерттеу қызметі туралы бюллетеньдер мен буклеттерді шығаруды ұйымдастыру;
• Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ң студенттері мен жас ғалымдардың ғылыми іс-әрекеттерін дамыту, жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарға қатысуы үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
• ғылыми зерттеулердің мәселелерін бірлесіп шешу үшін ғылыми, білім беру мекемелерімен және әртүрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдармен ғылыми ынтымақтастықты дамыту.