ECTS типі бойынша кредиттерін есептеу

ectsБілім алушының академиялық оралымдылығын қамтамасыз ету үшін және білім беру бағдарламаларын тану үшін еуропалық білім беру кеңістігінде қазақстандық кредиттерді ECTS кредиттеріне ауыстыру қажет.

ECTS шеңберіндегі академиялық кредит – бұл пәнді зерделеудегі жұмыс көлемінің өлшем бірлігі, яғни дәрісханалық сабақ пен өзіндік жұмыс уақытындағы жұмыс көлемі. ECTS-тің бір кредиті 25-30 академиялық сағаттарға тең.

Жалпы оқу жүктемесіне дәрісханалықтан бөлек эссе, рефераттар, курстық жұмыстар (жобалар) жазу, зертханалық сабақтарды орындау, практикадан және стажировкадан өту, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау әр түрлі дайындалу, материалдар жинау және дипломдық жұмыс (жоба) жазу сияқты студенттің өзіндік жұмыстарының түрлері де кіреді.

ECTS бір оқу жылындағы оқу жұмысының жиынтық еңбек сыйымдылығын 60 кредитпен (оқушы бір семестрде 30 кредит жинайды, ал триместрде – 20 кредит) бағалайды.   Оқу жылының ұзақтығы емтихан тапсыруға 30 аптаны және 6 аптаны құрайды.

Еуропа елдерінде бакалавриат дәрежесін алу үшін оқудың ұзақтығы үш жылдан төрт жылға дейінгі мерзімді құрайды және тиісінше 180-240 есептік кредиттік бірлік алуы қажет.

Кредиттерді қайта есептеу Қазақстан Республикасында ECTS кредиттері және ауыстыру коэффициенті негізінде қайта іске асырылады.

ECTS кредиттерін Қазақстан Республикасының кредитіне қайта есептеу әрбір пән және білім беру бағдарламасының деңгейі бойынша ECTS-тің 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру коэффицентіне ECTS кредиттерін бөлу арқылы жүзеге асырылады. Әр пән бойынша коэффициент 1,5 – тен 1,8 – ге дейін.

Сонымен қатар кредиттер толық бірлікпен құрылады.

Курстық жобалардың еңбек сыйымдылығы жалпы пәннің еңбек сыйымдылығына кіреді.

Қазақстан Республикасының кредиттерін ECTS кредиттеріне қайта есептеу әрбір пән және білім беру бағдарламасының деңгейі бойынша Қазақстан Республикасының 1 кредитін толтыруға байланысты жоғарыда көрсетілген ауыстыру коэффицентін Қазақстан Республикасының кредиттеріне көбейту арқылы жүзеге асырылады.

Аталған ауыстыру коэффиценттері теориялық оқыту (аудиториялық сабақтар мен өздік жұмыстарды ескере отырып) кредиттерін қайта есептеу үшін қолданылады.

Оқу жұмыстарының басқа түрлерінің кредиттерін қайта есептелуі 1 қосымшадағы кестелерінде көрсетілген ауыстыру коэффиценттері арқылы жүзеге асырылады:

Университеттің академиялық оралымдылығы бойынша үйлестіруші ECTS-тің принциптері мен тетіктерінің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелеріндегі барлық үйлестірушілердің жұмыстарын бақылайды және үйлестіреді.

Академиялық оралымдылығы бойынша үйлестірушілері білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамына ECTS-тің практикалық және оқу аспектілері бойынша кеңес береді.

ECTS-тің бағалау бағаны бес санатқа бөлінген оң бағадан («А»-дан «Е» - ге дейін), дұрыстауға болатын «FX» бағасынан, және кредитті ұсынбайтын «F» бағаларынан тұрады.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін балдық-рейтинг әріппен бағалауға негізделген, білімді бағалау жүйесі кредиттерді тағайындауды қарастыратын он оң нәтижелі бағадан («A»-дан «D»-ге дейін), сонымен қатар кредитті ұсынбайтын бір қанағаттанарлықсыз «F» бағасынан тұрады.

Бағаны ауыстыру ECTS бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бағасы білім алушының жетістігі және осы ереженің 1 қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

1 кесте – ҚР кредиттерін ECTS тану

 

Курс атауы

ҚР кредиттері

Ауыстыру коэффициенті

ECTS кредиттері

Оқу пәні

1 кредит

 1,5-тен 1,8 дейін

2 кредит

Оқу практикасы

1 кредит

0,5-тен 0,6 дейін

1 кредит

Педагогикалық практика

1 кредит

1-ден 1,2 дейін

1 кредит

Өндірістік практика

1 кредит

2,5 - тен 3 дейін

3 кредит

Зерттеу практикасы

1 кредит

4-тен 4,8 дейін

5 кредит

Магистранттың (докторанттың) ғылыми (эксперименталдық) – зерттеу жұмысы

1 кредит

4-тен 4,8 дейін

5 кредит

Білім алушыны қорытынды аттестаттау

1 кредит

3,2-ден 4,5 дейін

5 кредит

IMG 0785 19 07 18 10 38 450x600

«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша 1 курс магистранттары - Бекетова Сабиля, Габдукалиева Әдемі, Халилова Зульфия

Біздің Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіміз әр түрлі елдердің ішкі және сыртқы университеттерімен ынтымақтастықта. Оқу кезеңінің екінші семестрінде біз «академиялық оралымдылық» бағдарламасы арқылы Польшадағы Лодзь университетінде оқудан өттік. Оқу 5 айға созылды, ал осы уақыт аралығында біз ағылшын тілімізді жетілдіріп қана қоймай, біздің университетті де, біздің елімізді де таныстырдық. Оқу процесі өте қызықты болды, бізбен бірге әртүрлі елдердің басқа студенттері оқыды. Біз сонда өмір сүріп, оқып жатқан баға жетпес тәжірибе жинақтадық және біздің университетімізге осындай мүмкіндік үшін өте ризамыз!

 

Talgatova

МВМҒ-12 топ магистранты Талғатова Анар

2018 жылдың маусым айының 15 мен 29 аралығында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Халықаралық магистрлік жазғы мектеп ISAS - 2018» өткен болатын.

ISAS – 2018 Халықаралық жазғы мектебінің мақсаты - жаңа білім, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеу әдістерін игеру.

Халықаралық жазғы мектеп келесі бағыттар өтті: «Су ресурстарын басқару», «Жасыл экономика», «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар мен техникалық құралдар», «Табиғи ресурстарды басқару», «Өсімдік шаруашылығындағы агроинновация, «Ветеринария», «Биотехнология және тағам қауіпсіздігі».

МВМҒ-12 топ магистранттары «Ветеринария» мектебінің тыңдармандары болды. Бұл мектепке ҚР ҰҒА академигі, в.ғ.д., профессор Иванов Николай Петрович жетекшілік етті. Екі апта бойы дәрістер, шеберлік сыныптары, зертханалық-практикалық сабақтар жүргізілді.

Мы прослушали курсы от зарубежных ученых таких как Годердзишвили Марине Гугулиевна д.б.н., профессор, институт «Бактериофагии, микробиологии и вирусологии им. Г. Элиава» Тбилиси, Грузия; Мамацашвили Григорий Эстатович к.в.н., директор ООО «Ветсангиг-экология» Тбилиси, Грузия. Также были организованы выездные занятия в ТОО «КазНИВИ», Казахстанско-Японский инновационный центр, Агротехнологический ХАБ. За время проведения летней школы мы повысили знания и приобрели практические навыки по специальности. По окончанию «Международной магистерской летней школы ISAS - 2018» участникам были вручены сертификаты.

 

6М060800-«Экология» мамандығының 1 курс магистранты Үсенғалиева Надира Мұратқызы

2018 жылдың маусым айының 15-29 аралығында Алматы қаласында, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өткен «Халықаралық магистрлік жазғы мектепке» қатысып білім алдық. Бұл жазғы мектепте магистранттарды мамандықтарына сәйкес бірнеше бағыттарға бөлді. Соның ішінде «Жасыл экономика» бағыты бойынша Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дан Ихсанов Б.К. және мен, Үсенғалиева Н.М. білім алдық. Біздің мектептің жетекшісі ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор, ҚазҰАУ-нің бірінші проректоры – Тіреуов Қанат Маратұлы болды, және 22 қатысушы білім алды.

15 маусым күні Словакия елінен келген дәріс оқушы, PhD, Иохана Палухова «Sustainable consumption, sustainable marketing and responsible consumer: Case of Europe» тақырыбында кіріспе дәріс оқыды. Және Украинадан келген доцент, э.ғ.к. Тужик Катерина «Regio-MAX for farming sustainable development» тақырыбында дәріс оқыды. 16 маусым күні «Космостық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығына» барып, жаңа технологиялармен танысып, көптеген керекті мағлұматтар алдық. 18 маусым күні Мәскеу мемлекеттік жерге орналастыру университетінен келген келген проректор Нилиповский В.И. «Жасыл экономика және ауыл аймақтарының тұрақты дамуы» тақырыбында мәселелік дәріс оқыды. 20 маусым күні Қазақстандағы «Бірінші сыра зауытына» бардық, ол жерде сыраның қалай жасалатыны туралы ақпарат алып, тіпті сыра түрлеріне дегустация жасалды. 21 маусым күні «GALANZ bottlers» сусын шығаратын зауытына бардық, онда бізге әрбір құрылғының қалай жұмыс істейтінін түсіндіре отырып, қанша сусынды қай елдерге экспортқа шығаратындарын айтты.

Күніге осындай түрлі пайдалы дәрістер оқылып, экскурсияларға алып баруымен қатар , күнделікті түстен кейін Start-up жобаларға дайындық жүргізіліп отырды. Біздің мектеп бойынша 3 Start-up жоба дайындалды.  Олар: «Almaapple»(жетекшісі Ковачикова Зузана), «Alfa-cheese»(жетекшісі Пирматов Хабибулло), «Jarmart.kz»(жетекшісі Накиспеков Азамат) тақырыптарында болды. Start-up жобаларды қорғағаннан кейін, қорытынды бойынша «Almaapple» жобасы жүлделі 5-ші орынға ие болып 200$ көлемінде сыйақы иеленді, «Alfa-cheese» жобасы жүлделі 4-ші орынға ие болып 300$ көлемінде сыйақы иеленді, және «Jarmart.kz» жобасы жүлделі 1-ші орынға ие болып 1000$ көлемінде сыйақы иеленді. Осылайша «Халықаралық магистрлік жазғы мектепке» қатысып, көптеген жаңа ақпараттар алып, жаңа технологиялармен танысып, жаңа жобаларға атсалысып, білімімізді тағы бір сатыға жоғарылаттық десек болады.

 

«6М070100-Биотехнология» мамандығының 1 курс магистранты-Есенгалиева Жанар

Халықаралық қысқы мектеп – 2019 жыл

Халықаралық қысқы мектеп қазақтың Қара шаңырағы деп аталатын Қазақ ұлттық аграрлық университет қабырғасында өткен болатын. Алған әсерімізді бір ғана сөзбен жеткізу қиын десек, артық айтпаған болатын едік. Қысқы мектеп ұйымдастырушылары мен ұстаздары бізге өз құшағын аша білді. Құлағымызбен естіген атақты ғалымдарды өз көзімізбен көру біз үшін бір мәртебе деп білеміз. Бізге жетекшілік еткен ғалымдармен жолымыз болды. Себебі, тек қана сабақ барысын түсіндіріп қоймай, өмірлік жолдарын қалай бастағанын, ғылым деп аталатын жолда қандай қиындықпен кездесе білгендерін, өз тәжірибелерімен бөлісе білді. Осындай шынайлықтарымен жас ғалымдарды баурай білді.
   Қазақстанның әр түкпірінен, сондай-ақ, әр елден келген жас ғалымдармен танысу бізге үлкен әсер қалдырды. Бір атаның баласындай достаса білдік. Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген жас ғалымдарды әңгімеге тарту барысында көп қызықты ақпараттар ала білдік.
Қысқы мектеп бізге атақты әрі білімді ғалымдардың дәрістерін тыңдауға мүмкіндік берді. Тек қана дәріспен қана шектеліп қалмай, айтылған нәрсені тәжірибе жүзінде көре білдік. Жаңа білімді игереміз деп келген біздер үшін өте қызықты тәжірибе десек болады.
   Алатау бөктерінде орналасқан Алматы қаласы бізді жатырқамай, жылы шырай таныта білді. Мектеп ұйымдастырушылары мен жетекшілердің арқасында, қызыққа толы екі аптаның тез өткенін байқамай қалдық. Қысқа мерзімді уақыттың ішінде алған білім мен тәжірибені тек қана ғылым саласында емес, өмірлік жолда да қолдана білеміз деп ойлаймыз.

 Академиялық оралымдылық бойынша
үйлестірушілерінің байланыс мәліметтері

Үйлестірушілердің ТАӘ

Қызметі

Телефон нөмірі

Электронды адресі

Кабинет

1

Алижанова Бақытгүл Нұрболатқызы

Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма инспекторы

87027903213

alizhanova.wkau@mail.ru

Бас ғимарат,

1 қабат, СҚКО

2

Есенгалиева Салтанат Мутиголлаевна

Экономики и бизнес факультеті бойынша үйлестіруші - факультет деканының орынбасары

87472925229

 

Г-304

3

Аккереева Эльмира Каршигиевна

Агрономия факультеті бойынша үйлестіруші -« Экология және табиғатты пайдалану» кафедрасының оқытушысы

87058139201

e_ma_87@mail.ru

А-321

4

Кереев Абзал Кенесович

Ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті бойынша үйлестіруші–«Жұқпалы емес аурулар және морфология» кафедрасының доцент м.а.

87012718484

abzal.kereev@mail.ru

В-119

5

Кулдыбаев Айбек Кайрсапиевич

Политехникалық факультеті бойынша үйлестіруші – «Кәсіптік және техникалық оқыту» кафедрасының оқытушысы

87753003510

kuldybayev@mail.ru

П-303

6

Турешова Арайлым Ерсайынқызы

Машина жасау факультеті бойынша үйлестіруші – «Машина жасау технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы

87078732529

arai_ok_90@mail.ru

М-205

7

Базарбаева Айнур Маратовна

Ақпараттық технологиялар орталығының оқытушысы

87058016271

ainur555a@gmail.com

Г-108

Байланыс
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz