Оқыту төрт бағыт бойынша жүргізіледі:
Бүгінде біздің түлектеріміз ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларда, ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық әкімдіктерде, ауыл шаруашылығы министрлігінде, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның түрлі облыстар бойынша филиалдарында, түрлі ЖШС-де және т. б. жұмыс істейді.
Білім беру бағдарламасы бойынша 15 оқытушы қызмет атқарады, соның ішінде 2 оқытушы қосымша штаттық қызметкерлер. Ғылым кандидаттарының саны – 3, PhD докторлары – 4, (штаттағы жалпы оқытушылардың – 46,6 %). Ғылым магистрлерінің саны -8.
Оқытушылар түрлі халықаралық конгрестер мен конференцияларға, ғылыми семинарларға, тағылымдамаларға белсенді қатысады. 6В07302 – «Жерге орналастыру», 6В07303 – «Кадастр»» студенттері бірнеше рет республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Ғылыми жобаларға М.Қ. Оңаев, Б.Ж. Есмагулова, С.Е. Денизбаев, Н.М. Умбеткалиев қатысты. Оқытушылардың жарияланымдары жоғары рейтингті журналдарда жарияланады, Хирш индексі 1 және одан жоғары.