Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы жоғары мектебі

6В08100 «Агрономия», 6В08102 – «Өсімдік қорғау және карантин», 6В08101 – «Топырақтану және агрохимия»,  7М08100-Агрономия (ғылыми-педагогикалық бағыты), 7М08110-Агрономия (бейіндік бағыт), 8D08100-«Агрономия», (ғылыми-педагогикалық бағыты),7М08101-«Топырақтану және агрохимия», (ғылыми-педагогикалық бағыты), 7М08111-« Топырақтану және агрохимия», (бейіндік бағыт) білім беру бағдарламалары бойынша  бакалаврлар мен магистрлерді,докторанттарды дайындайды.

Бүгінгі таңда біздің түлектеріміз агроөнеркәсіптік кешеннің әртүрлі экономикалық құрылымдарында агрономдар, егін өсірушілер, өсімдіктерді қорғау агрономдары, тұқым өсірушілер, тұқым және астық инспекторлары, агрохимиктер, топырқтанушылар және басқа да агрономиялық мамандықтар бойынша жұмыс істейді.

Жоғары мектепте  13 оқытушы қызмет атқарады, соның ішінде штатта 13 оқытушы. Ғылым кандидаттарының саны – 11 адам (штаттағы жалпы оқытушылардың 87 %). Ғылым магистрлерінің саны – 2 адам.

Оқытушылар әр-түрлі халықаралық конференцияларға, ғылыми семинарларға, тәжірибелерге белсенді қатысады. 6В08100 «Агрономия», 6В08102 – «Өсімдік қорғау және карантин», 6В08101 – «Топырақтану және агрохимия» студенттері республикалық және халықаралық деңгейде көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындардың иегері атанып жүр.

Жоғары мектепте алыс-жақын шетел ЖОО ғылыми-педагогикалық кадрларымен алмасу және жас ғалымдардың тағылымдамадан өтуі тұрақты түрде жүргізілуде (Саратов, Самара, Оренбург және т.б.).

Оқытушылар түрлі халықаралық конгрестер мен конференцияларға, ғылыми семинарларға, тағылымдамаларға белсенді қатысады. Ғылыми жобаларға Б.Н.Насиев, Л.Х.Суханбердина, Д.К.Тулегенова, М.А.Габдулов,С.Ж.Рахимгалиева қатысты. ЖМ оқытушыларының жарияланымдары жоғары рейтингті журналдарда жарияланады, Хирш индексі 1 және одан жоғары.

Оқытушылар
Байланыс
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу