Агротехнология институты

1963 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының ашылу барысында доцент Р.Х.Мясоутовтың жетекшілік етуімен агроэкономикалық факультет қызмет ете бастады. 1965 жылы агрономия факультеті өз алдына бөлініп шықты, оны бастапқыда доцент Алексей Конкин басқарды. Факультет ауыл шаруашылығының агрономия саласына жоғары білікті мамандар даярлау бойынша өңірдегі жалғыз оқу және ғылым орталығы болды.

Агрономия факультетінің қалыптасу жылдары тың және тыңайған жерлер жыртылғаннан кейінгі Қазақстанның ауыл шаруашылығында егін шаруашылығының аймақтық жүйесінің ғылыми негіздерін одан әрі дамыту мен оны өндіріске жедел енгізудің қажеттілігі туындады. Сондықтан жоғары білікті мамандар даярлау мен ғылыми қызметті күшейту қажеттілігі республика экономикасын дамыту міндеттерімен ұштасты.

Факультеттің қалыптасуы мен дамуына кезінде Ресейдің Саратов, Волгоград, Орынбор қалаларының жоғары оқу орындарын бітірген декан, доцент болып қызмет атқарған В.Н.Слесарев, В.П.Согуренко, В.Ф.Рябошкапов, Н.В.Саввина, А.Я.Бакалдиндер бар күш-жігері мен білімін, тәжірибесін қызмет барысында пайдалана білді.
2000 жылдан Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрамында жаңа мамандықтардың ашылуы, студенттер санының көбеюіне байланысты факультет «Агробизнес және экология» атауына ие болып, доцент М.Ә.Ғабдолов факультетте жетекшілік етті.

2007-2008 оқу жылында Агробизнес және экология факультеті магистратура мамандықтары бойынша И.М.Фетисов, Э.Э.Браун, С.Ж.Рахимгалиева, М.А.Габдолов, Т.А.Тұрғанбаев, Т.А.Бөлековтардың жетекшілігімен алғашқы түлектер оқу орнын аяқтады.
2007 жылдан бастап Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің құрамынан жалпы биология мамандықтарын біріктіру мақсатында «Ветеринария және агробиотехнология» факультеті құрылып, факультет деканы ветеринария ғылымдарының докторы Қ.Ж.Кушалиев тағайындалды.

2009 жылдан бастап басқару құрылымын жүйелендіруге және студенттер контингентінің ұлғаюына байланысты факультет өз алдына дербес бөлініп шығып, Агрономия факультеті атауын иеленді. Факультет деканы лауазымына ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ж.Рахимгалиева тағайындалды.

2015-2017 жылдары факультетті ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Д.К.Тулегенова жетекшілік етті.

2017-2019 жылдары факультетті ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, факультет деканы А.С. Тлепов басқарды.

2019 жылдан бастап факультет Агротехнологиялық институты болып өзгерді. Институтты техника ғылымдарының кандидаты, доцент, институт директоры М.Қ.Оңаев басшылық етуде.

Қазіргі уақытта институт 11 мамандық бойынша бакалаврмен 5 мамандық бойынша магистрлерді дайындауда.

Институтта 51 оқытушы – 2 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты және PhD докторы, 24 магистрлар қызмет етуде. Институтта 977 студент күндізгі бөлімде оқиды, оның 870 мемлекеттік грант иегері болып табылады.

Ғылыми-педагогикалық кадрлардың ғылыми дәрежелену көрсеткішінің жоғарылығы ұжым үшін оның қалыптасуының барлық кезеңіндегі дәстүрге айналды. Агротехнологиялық институтының ғылым докторлары: Вьюрков Василий Викторович, Насиев Бейбит Насиевич.

Байланыс
Оңаев Марат Қайрлыұлы
Директор
03 - 142
1-23, 8 (7112) 50 18 50
Сахипова Шынар Бериковна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
03 - 200
1-30
Аюпов Ерғали Есқалиұлы
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
03 - 222
1-22
Оразов Аян Жарылқасынұлы
Директордың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша орынбасары
03-320
1-50
Есмағұлова Баян Жұмабайқызы
Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары
03-106
1-18
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу